«42 500 теңгеге өмір сүре аласыз ба?»: шенеунік сауалға сауалмен жауап берді

214
Фото: primeminister.kz

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов 42 500 теңгеге өмір сүре аласыз ба деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Астанада өткен онлайн баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі еңбек вице-министрінен бір айда 42 500 теңгеге өмір сүре аласыз ба деп сұрады. Журналистің айтуынша, бұл ақша өте аз, адамдарға отбасын асырауға мүлде жетпейді.

Шапкенов журналистің сауалына мардымды жауап бере алмады.

«Сіз 42 500 теңгеге өмір сүре аламын ба, жоқ па соны сұрап тұрсыз ғой. Бірақ мен әр жағдайда еңбекақыны жұмыс беруші бекітеді деп ойлаймын. Егер ол маманға сұраныс жоғары болса, жұмыс беруші неге оған 42 500 теңге төлеуі керек?», — деп жауап берді вице-министр.

Ол қазір еңбек нарығында жұмыс күші, керісінше, тапшы екенін атап өтті. Айтуынша, еңбек министрлігі қарамағындағы қызметкерлерінің жалақысын азайтып, 42 500 теңге төлейтін жұмыс берушілерді бақылап, анықтап отырады.

Сонымен қатар, министрлік көмекке мұқтаж қазақстандықтарға 42 500 теңгені тек карантин кезінде емес, тұрақты түрде төлеп тұру мәселесін қарастырмақ.

42 500 теңгені тұрақты түрде төлеу бастамасын бұған дейін мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев көтерген еді.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз