Басты бет Экономика Қаржы 42 500 теңгені қайта қарап, балалы отбасыларға қосымша ақша төлеу ұсынылды

42 500 теңгені қайта қарап, балалы отбасыларға қосымша ақша төлеу ұсынылды

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қаржы министрлігі мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне карантин кезінде төленетін мемлекеттік төлемді қайта қарауды және баласы бар отбасыларға 42 500 емес, одан да көп төлеуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің брифингі кезінде балалар омбудсмені қазіргі таңда қазақстандық экономистер осы іске қосылып, карантин кезінде өмір сүруге қанша қаражат керек екенін есептеуі керек екенін атап өтті.

«42 500 теңгемен келіспеймін. Қолдау шаралары бала санына байланысты төленуі қажет деген ұсынысым бар. 42 500 теңгені бір адамға жеткізуге болады, алайда балалары бар отбасыларға бұлай жасау қиынға соғады», — деді Саин.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл карантин кезінде мемлекеттік төлемдерге жауапты мемлекеттік органдарға Ресей тәжірибесіне назар аударуды ұсынды. Ол Ресейде көмек балалар санына байланысты жасалғанын атап өтті.

«Жаңа карантин барлығы үшін күтпеген жағдай болды. Қаржы министрлігі мен еңбек министрлігі бұл шараларды шұғыл түрде қайта қарайды деп үміттенемін», — деп нақтылады Аружан Саин.

14 шілдеде Қазақстан үкіметі карантинді күшейту кезінде жұмыссыз қалған қазақстандықтар үшін 42 500 теңге жәрдемақы төлеу туралы шешім қабылдады. Жәрдемақы жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың өтінімдері негізінде төленеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 17 шілдеге дейін қажетті төлем механизмін дайындайтынын айтты, ал 20 шілдеден ақша қазақстандықтардың шотына түсе бастайды.

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев азық-түлік бағасын төмендету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығындағы...

Министр Қазақстанның ең лас 10 қаласын атады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ауасы өте лас он қаланы атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оның айтуынша, бүгінгі күні өңірлердің негізгі экологиялық...

Бір әйел көршісінің телефонын ұрлап қана қоймай, онымен несие де рәсімдеген

Көршісінің телефонын ұрлап, 300 мың теңгеге несие рәсімдеген қызылордалық әйел ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz. Polisia.kz мәліметі бойынша, Қызылорда облысы Полиция департаменті Қармақшы ауданының полиция бөліміне...

Жазира мен Жанболат жанкүйерлерін алаяқтарға алданып қалмауға шақырды

Қазақстандық танымал жұлдызды жұп Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова алаяқтардың өз атынан жалған ұтыс ойнатып жүргенін хабарлады. Өнер иелері аталған ұтыс ойынына қатыстары жоқ...

Министр көпбалалы аналар митингісіне неге шықпайтынын айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов митингіге шығатын аналардың алдына шықпаудың себебін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Иә, министрліктің алдына азаматтар келеді, өздерінің...

Оңтүстікте 40 градусқа дейін күн ысиды

"Қазгидромет" Қазақстан бойынша 2021 жылдың 15-17 маусымындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz. Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен, Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады, найзағай...

Мөлдір Әуелбекова екінші перзентін дүниеге әкелді (фото)

Отандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова екінші перзентін дүниеге әкелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бұл қуанышты жаңалықты әншінің әпкесі Меруерт Әуелбекова жариялады. "Халайық, сүйінші! Алланың қалауымен қасиетті жұма...