Басты бет Қоғам 42 500 теңгені ала алмай жатқандардың қандай қателік жібергені айтылды

42 500 теңгені ала алмай жатқандардың қандай қателік жібергені айтылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазақстандықтардан әлеуметтік жәрдемақының кешіктіріліп жатқаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Әлеуметтік төлем неге кешігіп жатыр деп сұрайтындар көп. «Мен бір апта бұрын өтініш бердім», «төрт-бес күн өтіп кетті» дейтіндер бар. Бұл ретте мен сіздердің алдарыңызда тағы да министр ретінде кешірім сұраймын. Біз осы күндері үлгермедік», — деді Нұрымбетов онлайн брифингте.

Министр бірнеше себепті атап өтті.

«Біріншіден, біз төлемді ертерек төлеу үшін өзімізге үш күн белгіледік. Алайда одан да көбірек уақыт қажет еді. Сол себепті үлгере алмай жатырмыз», — деді ол.

Айтуынша, 42 500 теңге бюджеттен емес, мемлекеттік сақтандыру қорынан төленеді. Сол қор ақша береді, сол қор тағайындайды. Ол бөлек мекеме.

Банктерге ақша «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы арқылы  жіберіледі. Ал банктер азаматтардың есепшотына аударады.

«Өтінішті біздің министрлік қабылдайды, тексереді. Осы үш мекеме айналысып жатыр. Басқаша болмайды. Сіздерге айтарым, осы үш мекеменің азаматтары күні-түні жұмыс істеп жатыр», — деп түсіндірді Нұрымбетов.

42 500 теңгенің кешіктірілуіне өтініштердің қайталануы, ЖСН мен банк шоттарының қате көрсетілуі себеп болған.

«3 миллион 700 мың адам жәрдемақы алуға өтініш берді. Бірақ өтініштердің жалпы саны 5 миллионға жақындап қалды. Тексеріс барысында біраз азамат жеке сәйкестендіру нөмірін, яғни ИИН-ді дұрыс көрсетпеген. Ол нөмірді дұрыс көрсетпесе, «ондай адам жоқ» деген сөз. Сондықтан біз мұндай қате нөмір бергендердің өтінішін кері қайтаруға мәжбүрміз. Оны тексеріп алуымыз керек. Мұндай өтінішті 60 мыңдай адам берді», — дейді ведомство басшысы.

83 мың азамат банк есепшотын қате көрсеткен немесе жабылып қалған банктің шотын жазып жіберген.

Ал бір миллионнан астам адам соңғы он екі айда бірде-бір аударым жасамаған.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Аяз, жаңбыр, бұршақ: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы қандай

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 26-28 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарында тұрақсыз ауа райы...

«Вейптерді сатуға тыйым салу қажет»: депутат үкіметке ұсыныс жасады

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин вейптерді сатуға толығымен тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Депутаттың айтуынша, қазіргі кезде үкімет вейптер мәселесіне экономикалық тұрғыда қарап отыр....

Ибрагимова баспана бағасына болжам жасады

Отбасы банкінің басшысы Ляззат Ибрагимова баспана бағасына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Жартыжылдың қорытындысы бойынша баспана бағасының өсуі тежеледі деп ойлаймын. Бірақ жаһандық тұрғыда...

ҚазҰУ жерінің бір бөлігін жеке компанияға беру кезінде заңбұзушылықтар анықталды

Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың "Ақ жол" ҚДП фракциясының 13 сәуіріндегі депутаттық сауалына қайтарған жауабында жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz. Алматы прокуратурасы Жер ресурстарын...

«Махаббат та, сатқындық та болды»: Әсел Асқар күйеуіне әсерлі жазба арнады

Танымал блогер Әсел Асқар желіде жолдасына сезімін білдіріп, аса әсерлі жазба жариялады. Өнер иесі бұл қарым-қатынасында махаббат та, сатқындық та болғанын айтты, деп жазады...

2 проценттік ипотека алатындардың саны артады – бағдарламаға өзгеріс енгізілді

"Бақытты отбасы" бағдарламасына қатыса алатын адамдардың саны көбейеді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары...

Жаңа оқу жылынан бастап студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға өседі

Алдағы оқу жылынан бастап еліміз бойынша 133 мың студенттің шәкіртақысы өседі. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев ведомствода өткен аппараттық жиналыста хабарлады,...