Басты бет Қоғам 42 500 теңгенің жіберілгенін қалай тескеруге болады

42 500 теңгенің жіберілгенін қалай тескеруге болады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев 42 500 теңгенің жіберілгенін қалай тексеруге болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Бүгінде өтінімді мақұлдағаннан кейін ақшаны есепшотқа жіберді ме, жоқ па, адамдар осыны жиі сұрайды. Олар ЖСН-ді жібереді де, сол бойынша тексеріп беруге өтініш жасайды», — деп жазды Мұқышев өзінің Telegram-арнасында.

Оның айтуынша, министрліктің «цифрлық командасы» халықтың өтінішін ескеріп, бірнеше күннің ішінде бірқатар техникалық интеграцияны жасап шықты. Осылайша, 42 500 теңгенің жіберілгенін, я болмаса, жіберілмегенін білуге мүмкіндік беретін жүйе іске қосылды.

«Енді, egov.kz және 42500.enbek.kz сайтында ақшаның статусын және қай банке жіберілгенін көруге болады. Егер өтінім мақұлданып, ақша жіберілсе, онда 5 қадамның статусы көк түске боялып тұрады. Ал ақша картаға түспесе, банкке хабарласу керек», — дейді Мұқышев.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, 42 500 теңгеге берілген өтінім мақұлданып, есепшот нөмірінен қате кетсе, 5 қадамның түсі сары болып тұрады.

«Төменгі жағында жазу шығады. Онда есепшоттың дұрыс нөмірін алу үшін не істеу керектігі көрсетіледі. Біз ондай қателердің бір бөлігін өзіміз анықтаймыз, бірақ басқа бөлігі көрінбей қалады. Сонда банктер ақшаны қайтарып жатады. Ондайда өзіміздегі мәліметтер базасы арқылы немесе SMS арқылы басқа есепшот нөмірлерін іздеуге тура келеді», — деп атап көрсетті Мұқышев.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықты брендке айналдыру керек – сарапшылар «Тиімді қайырымдылық» жобасы туралы

Қазақстанда жыл сайын кемі 100 қайырымылық ұйымын тарту арқылы елдегі қайырымдылық қызметін одан әрі дамытуды көздейтін «Тиімді қайырымдылық» жобасы жүзеге асты. Осы саладағы сарапшы,...

Әр адамның дінге бас сұғып, пәтуа айтуы дұрыс емес – Әбдіғани Бәзілхан

Елімізде қандай да бір діни мәселеге қатысты «Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының» қызметкерлерінен басқа адамға пәтуа айтқызуға болмайды. «Қазақстанның Даму Қауымдастығы» жүзеге асырып жатқан интернеттегі...

Құрбысынан өш алмақ болған қарағандылық оқушы полицейлерді аяғынан тік тұрғызды

Қарағандыда мектеп оқушысы құрбысының атынан қоқан-лоққы жасап, ақша талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. "City Mall" сауда орталығында бомба жасырылды деген...

Александр Бублик «Париж мастерс» турнирінде әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті

Қазақстандық теннисші Александр Бублик "Париж мастерс" турнирінің екінші айналымына шықты. Ол әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ теннис федерациясына сілтеме жасап. Қазақстанның бірінші, әлемнің...

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар бір мезетте әнұран орындады

Елорданың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары Республика күніне орай бір мезетте әнұран орындады, деп жазады inbusiness.kz. Елорданың барлық мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында Республика күнін мерекелеуге арналған...

Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүріп жатыр

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті алаяқтық фактісі бойынша Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы агенттік Telegram-дағы ресми...

Семейдегі мектептердің бірі қашықтықтан оқуға көшті

Семейде 2023 жылғы 23 қазанда №40 орта мектептің оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz. "№40 орта мектепте сағат 9:08-де ғимараттың жертөлесінде орналасқан электрқалқан...