Басты бет Аймақтар Шығыс Қазақстан облысы 5 шілдеден бастап Қазақстанда екі қала жабылады

5 шілдеден бастап Қазақстанда екі қала жабылады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов 5 шілдеден бастап Өскемен, Семей қалалары жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Қалалар мен аудандарда тұрғындар мен көліктердің қозғалысын барынша азайтамыз. Мұның бәрі коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін жасалатын әрекет. Тек өзін-өзі оқшаулау ғана COVID-19-ға қарсы күрестің пәрменділігін көрсетті», — деп жазды Ахметов.

Оның айтуынша, карантиндік шаралар қатаң сақталған барлық кезеңінде облыста ауырғандар саны 135 болды. Алайда, тек маусым айында бұл көрсеткіш 710 адамға артқан.

«Сондықтан қозғалысты шектеу шараларын осы демалыста бастаған аса маңызды. Бізге байланыс тізбегін үзу қажет! Қалыпты өмірге тезірек оралуымыз керек. Бірақ, оған жоғары жауапкершілік танытқан жағдайда ғана қол жеткізе аламыз», — деп жазды Ахметов Instagram парақшасында.

Кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, халыққа қызмет көрсету орталықтары қысқартылған кесте бойынша жұмысын жалғастырады.

«Енгізілген карантиндік шаралар салдарынан бизнесті барынша қорғауға тырысамыз. Сіздерді тағы бір мәрте бұл шараларға түсіністікпен қарауға шақырамын. Еуропа елдерінде не болғаны баршамыздың есімізде. Ол жақта да бастапқы кезде адамдар қабылданған қатаң шаралардан нәтиже болатынына сенбеді», — деді облыс әкімі.

Даниал Ахметов билік өңір ауруханаларын қажетті техникамен, дәрі-дәрмектермен, ал дәрігерлерді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндік жасайтынын жеткізді.

Шығыс Қазақстанда 1700 инфекциялық, 2500 провизорлық және карантиндік төсектер, сондай-ақ қарқынды терапия палаталары дайын. Өңірде жедел медициналық көмек қызметі көрсетілмейтін елдімекен жоқ екені айтылып отыр.

Фото: ҚР ІІМ

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғаны рас па?

Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғандығы туралы ақпарат тарады. Онда мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдағаны айтылған, деп...

Қазақстандықтардың моншаға аз баруына не себеп

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров қазақстандықтардың моншаға аз бара бастағанын айтты. Оның пікірінше, оған азық-түлік бағасымен қоса қызмет көрсетудің де қымбаттауы себеп, деп хабарлайды...

Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 2023 жылдың 3-5 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.   Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қатты аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша,...

“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы италиялық Янник Синнердің неміс спортшыаы Даниэль Альтмайермен “Ролан Гаррос” турнирі екінші айналымы аясында өткізген ойыны 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп...

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...