6 айдан бері айлықсыз: Қарағанды облысында 150-ден астам адам ереуілге шықты

6 айдан бері айлықсыз: Қарағанды облысында 150-ден астам адам ереуілге шықты
Фото: neonomad.kz

Алматылық «№25- інші көпір құрылысы отряды» серіктестігі жарты жылдан бері жұмысшыларына жалақы бермеген, деп хабарлайды Neonomad.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Түркістан, Жамбыл, Талдықорған, Шымкент қалаларынан Қарағанды облысына нәпақа іздеп келген ер азаматтар бірнеше жыл бойы айрық жолдар мен көпірлер салып, қара жұмыспен елдің дамуына үлес қосып жүр. Бірақ олардың еңбектері бағаланбады. Болмаған соң, маңдай терлерімен тапқан ақшаларын талап етіп, ереуілге шықты.

Ашынған жұмысшылар жалақыларын алмайынша жұмысқа шықпаймыз дейді.

Ал компания басшылары болса «құрғақ» уәдемен шектелді. Олардың «бүгін, ертең» деген сөздеріне қарамастан, құрылыс жұмыстары тоқтамаған.

Жұмысшылар темір дүңгіршектерде айлап жатып Қарағанды облысында  үлкен темір жол көпірі мен бірнеше жолды салған. Қазір Алматыға апаратын көлік жол айрығының құрылысында жүр.

«Кредитке ақша керек, тамаққа ақша керек. Бала- шағамыз ертең сабаққа барады, оған ақша керек. Кредитіміз сотқа береміз деп жатыр, оған керек. 6 айдан бері айлық алғамыз жоқ. Болады, болады, — дегенмен, бірақ берілмейді»- дейді Айымқұл Оспан, жұмысшы.

Жұмысқылардың сөзінше, Алматылық «№25-інші көпір құрылысы отряды» серіктестігі Қазақстан заңын таптап жүр. Нақтырақ айтқанда, жұмысшылардың жалақысын үнемі кешіктіріп, одан қала берді көп мөлшерде жарналар ұстап, зейнетақы қорына тиісті соманы аудармайды екен.

«Суммасы 184 мың теңге, одан біздің қолымызға тиетіні 80 мың теңге. Оның өзінде 3 рет бөліп береді, бұның ұстайтын пенсионный фонды қайда деген сұрақты қозғағым келіп тұр.

Төзімі таусылған жұмысшылар құрылыс компаниясының басшылығынан қарапайым еңбекшілерге деген көзқарасын өзгертуді талап етті. Табан ет, маңдай терлерімен тапқан ақшаларын қайтарып, өз жалақыларына сатып ішетін ас мәзірін жақсартуды сұрайды»-, дейді Қанат Баймұратов, жұмысшы.

Ал компания басшылары болса проблема барын жасырмайды. Учаске бастықтарының жауапсыздығынан кей жұмыскерлерге жалақы төленбей қалған.

«Біздің жұмысшылар вахтамен жұмыс істейді. Қыста жалақыны жартылай төледік. Бүгінде кәсіпорынның қыс айларындағы қарызы 5 млн теңге. Ол жетекшілердің салғырттығынан болды, кей жұмысшыларды тізімге қоспай қойған. сондықтан учаске бастықтарымен құрылыс топтарының жетекшілерін ауыстырдым»,- Тимур Накусов, «А. Рязанов атындағы №25 көпір құрылысы отряды» ЖШС дирккторы.

Жұмысшылар «Нұр Отан» партиясына арыз жазды.