Басты бет Қоғам Авто 68 армениялық көлік Павлодар облысында тіркеуден өтті

68 армениялық көлік Павлодар облысында тіркеуден өтті

Павлодар облысында 68 жүргізуші Армениядан әкелінген көліктерін есепке қойды, 15-і тіркеуге жатпайды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 1 маусымынан бастап Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын уақытша тіркеу Павлодар облысының Халыққа қызмет көрсетудің төрт орталығында (Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Ертіс ауданы) жүзеге асырылады.

ҚР ІІМ мәліметтеріне сәйкес, Павлодар облысының тұрғындары Армения Республикасынан 182 автокөлік әкелсе, бүгінгі күні науқан басталғаннан бері тіркеу есебіне 68 автокөлік қойылды.

Көлік құралдары иелеріне мемлекеттік тіркеу белгілері 14 аймақпен “А” әрпінің белгісі бар сары түсте берілді.

Осы тіркеумен автокөлік иелері Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де еркін жүре алады, жыл сайын техникалық тексеруден өтіп, сонымен қатар автомобиль көлігі салығын төлей алады.

Армения Республикасынан келген автокөліктің әрбір иесімен полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көлікті тіркеу ережелерін түсіндіреді.

Армения Республикасынан әкелінген автокөлік құралдарын тіркеуге қатысты барлық қызықтыратын мәселелер бойынша облыс тұрғындары анықтаманы Павлодар облысы ПД қызметкерлерінен Call-орталығының: 33-38-06 телефоны арқылы ала алады.

Фото: Polisia.kz

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғаны рас па?

Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғандығы туралы ақпарат тарады. Онда мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдағаны айтылған, деп...

Қазақстандықтардың моншаға аз баруына не себеп

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров қазақстандықтардың моншаға аз бара бастағанын айтты. Оның пікірінше, оған азық-түлік бағасымен қоса қызмет көрсетудің де қымбаттауы себеп, деп хабарлайды...

Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 2023 жылдың 3-5 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.   Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қатты аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша,...

“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы италиялық Янник Синнердің неміс спортшыаы Даниэль Альтмайермен “Ролан Гаррос” турнирі екінші айналымы аясында өткізген ойыны 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп...

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...