83 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов ұлды болды!

4553
Фото: әлеуметтік желіден алынды

2019 жылдың тамыз айында өзінен 45 жас кіші журналист Жадыра Сейдешті жар еткен әнші Нұрғали Нүсіпжанов ұлды болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бір жыл бұрын танымал әнші ағамыз дүркіретіп той жасап, қоғамның беткеұстар тұлғалары онда қонақ болған еді. Журналистер де бұл оқиғаны қалт жібермей, жан-жақтан отбасын құрушыларға сұрақтарды қарша боратқан. Соның бірінде Нүсіпжанов әйелі өзіне ұл сыйласа, арманы болмасын айтып қалған. Міне, сол арман орындалған күн де келді.

Шығармашылық өкілдері арасында Жадыра Сейдештің ұл босанғаны жайлы мәлімет желдей есуде. Ал Нүсіпжановтың өзі бұл қуанышты оқиғаға қатысты әлі тіс жарып, ештеңе айтпады. Дегенмен «Папарацци» бағдарламасы журналистері ағамызды тауып алғанда, ол кетуге қатты асықты. Тек: «Бәрі жақсы!», — деп қысқа қайырды ел ағасы.

Оқи отырыңыз: