93 жастағы әжей ерекше фотоларының арқасында желіде жұлдыз болды

Фото: instagram.com/smoothsmith8

Әлеуметтік желілердің дәуірі жүріп тұрған сәтте талай қызықтарды көретініміз анық. Мәселен, 93 жастағы Полин әжей Instagram желісінде қызықты фотолар жүктеуінің арқасында жұлдыз болған. Оның фото-видеоларын үш миллионға жуық оқырман асыға күтеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

93 жастағы Полин Кана мен 27 жастағы немересі Росс Смиттің қарым-қатынасына қызықпайтын жан кемде-кем. Оған олардың Instagram желісіне жазылған 2,7 миллион оқырман дәлел бола алады.

Ерекше «жұп» күлкілі костюмдермен түскен қызықты фотоларын жариялайды. Жүзге жуықтаған әжейдің суреттеріне қарап оны қарт кісі деп ойлау мүмкін емес. Көңілі үнемі көтеріңкі жүретін әйел айналасындағыларды да қуантқанды құп көреді.

«Сізге де әжеңізге де үлкен рахмет! Екеуіңіздің арқаңызда мен үнемі күліп жүремін. Сіз екеуіңіз ең мықтысыздар… Сіздердің видеоларыңызды көру менің хоббиіме айналған»,

«Бұл өте керемет. Мен сіздердің фотосуреттеріңізді жақсы көремін! Сіздердің әзілдеріңіз тіпті тамаша!»,

«Жарайсыз, әжей! Ұзақ өмір сүріңіз, сіздерді сондай жақсы көремін!», — деп жылы пікірлерін жазды оқырмандар.

Оқи отырыңыз: