Басты бет Оқиға Ағаділдің өлімі: Адам құқықтары жөніндегі уәкіл не жағдай болғанын айтты

Ағаділдің өлімі: Адам құқықтары жөніндегі уәкіл не жағдай болғанын айтты

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің тергеу изоляторында қайтыс болуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото Facebook парақшасынан алынды

«Кеше, 24 ақпанда Дулат Ағаділді тергеу изоляторына мас күйінде жеткізді. Алайда ол маңызды емес. Ең бастысы, оны ұстау, абақтыға отырғызу және алғашқы медициналық көмек көрсету жағынан тәртіп бұзушылықтар болмауы тиіс. Осы орайда азаматтық қоғам өкілдері оқиға орнына барып, зорлық-зомбылық және адамның ар-намысын қорлауға қатысты тағы басқа мәселелерді тексере алады», — деді Әзімова астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Ағаділ және тағы төрт адам отырған тергеу изоляторында тәуелсіз топтың өкілі жүр. Ол бейнебақылау камерасының жазбаларын жан-жақты зерделеп шығады.

«Жазбаның жалпы уақыты шамамен 8 сағат, тәуелсіз топтың өкілі соның бәрін қарап шығуы керек. Ағаділ мырза қоғам белсендісі болған. Сондықан азаматтық қоғам тарапынан оның өліміне қатысты сұрақтар бар. Күдік те жоқ емес. Сондықтан біз тәртіп бұзушылықтар болды ма, жоқ па, соны жан-жақты зерделеп шығуымыз қажет «, — деп атап көрсетті Әзімова.

Оның сөзіне қарағанда, марқұмның отбасына адвокат берілді. Ол сот-медициналық сараптаманы бақылайды. Ал үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік сараптамадан бөлек тәуелсіз сот сараптамасын ұйымдыстыру жағын пысықтап жатыр.

Ағаділдің өлімі

Бүгін ішкі істер органдары Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің қайтыс болғанын хабарлады.

«Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында 1977 жылы туған қоғам белсендісімен бірге тағы төрт адам болған. Олар Дулат Ағаділге зорлық-зомбылық жасалмағанын айтты», — дейді полицейлер.

Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, қоғам белсендісі ұсталған кезде мас болған.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері ер адамның өлімін растады. Оның өліміне жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі себеп болғаны айтылып отыр. Денесінде зорлық-зомбылық белгісі жоқ. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетсек, Дулат Ағаділ қаңтар айында сырттай айыпталушы деп танылып, ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылған. Мұны орындамағаны үшін сот қоғам белсендісіне қатысты шараны қамауға алуға алмастырды.

Кеше, 24 ақпан күні сағат 21:00-де Ағаділ үйінен тергеу абақтысына жеткізілді. Оған қатысты қылмыстық заңбұзушылық жасағаны, судья мен сот отырысына қатысушыларға тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалған болатын.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...