Басты бет Оқиға Ағаділдің өлімі: прокуратура сараптама барысы жайлы айтты

Ағаділдің өлімі: прокуратура сараптама барысы жайлы айтты

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы Дулат Ағаділдің өліміне қатысты дерек жариялады, деп жазды Sputnik Қазақстан.

«25 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті Ағаділ өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сол күні барлық мән-жайды тексеру әділдігін қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы арнайы прокурорлар басқармасының өндірісіне қабылданды», — деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы.

26 ақпанда марқұм Ағаділ отбасы адвокатының өтінішімен өздері шақырған жекеменшік сот сарапшыларының (А.Ақанбеков, Р.Сатывалдеев) қатысуымен марқұмның денесі тексерілді. Оның нәтижесінде зерттеу жұмысына тартылған мамандар Ағаділдің өліміне жүрек-қан тамыры ауруы себеп болғанын анықтады.

«Зорлық-зомбылыққа тән қандай да бір дене жарақаттары анықталған жоқ. Сарапшылар, марқұмның ағасы және адвокаты ескерту мен өтініш жасаған жоқ», — делінген ақпаратта.

Сот сараптама қорытындысы зертханалық зерттеулер нәтижесі бойынша ұсынылады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Ағаділдің өлімі

Кеше, 25 ақпанда ішкі істер органдары Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің қайтыс болғанын хабарлады. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригада қызметкерлері ер адамның өлімін растады.

Ағаділ қаңтар айында сырттай айыпталушы деп танылып, оған қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылған еді. Мұны орындамағаны үшін сот қоғам белсендісіне қатысты шараны қамауға алмастырды.

24 ақпан күні сағат 21:00-де Ағаділ үйінен тергеу абақтысына жеткізілді. Оған қатысты қылмыстық заңбұзушылық жасап, судья мен сот отырысына қатысушыларға тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалған болатын.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...