Басты бет Экономика АӘК алушы 21 мыңнан астам отбасы табысын жасырған

АӘК алушы 21 мыңнан астам отбасы табысын жасырған

Фото: ашық дереккөз

Жұмыс топтарының өңірлерге шығуы және «Е-Халық» ақпараттық жүйесі базасында жүргізген талдау барысында учаскелік комиссиялардың отбасының материалдық жағдайын анықтауға немқұрайлы қарау, кәсіпкерлік (еңбек) қызметтен түскен табысты «жасанды» төмендету, еңбек қатынастары мен жеке қызмет бойынша тіркеудің болмау фактілерін анықтады, деп хабарлайды MediaWorld.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеудің заңдылығын қадағалайды.

Осылайша, АӘК алушылар тарапынан табыстарын жасыру ең көп таралған бұзушылық болып отыр.

Мысалы, кәмелетке толмаған екі бала тәрбиелеп отырған Алматы облысының 25 жастағы тұрғыны ағымдағы жылдың мамыр айында АӘК алу үшін жүгінген. Табыс ретінде ол жұбайының жалақысын 43 мың теңге деп көрсеткен.Бұл мәліметтер міндетті зейнетақы жарналарымен расталып, отбасыға жылына 739 860 теңге мөлшерінде АӘК тағайындалған.Алайда, шілдеде жұмыс беруші бірінші тоқсан үшін қосымша 77100 теңге көлемінде қосымша МЗЖ төледі.Осылайша, МЗЖ бойынша өтініш берушінің нақты табысы айына 300 мың теңгені немесе 2019 жылғы бірінші тоқсанда 900 мың теңгені құра отыр.

Тағы бір мысал: Маңғыстау облысының 25 жастағы тұрғыны сәуір айында отбасы құрамында 3 адамды, оның ішінде бір кәмелетке толмаған баланы көрсетіп, АӘК-ке құжаттар тапсырған.Табыс ретінде ол 42 353 теңге жалақысын ғана көрсетіп, оған 4 235 теңге мөлшерінде МЗЖ төленген.Оған АӘК 706 944 теңге сомасында тағайындалды.Оған қаңтар-наурыз айларындағы еңбегі үшін маусым айында жалпы сомасы 86 617 теңге қосымша МЗЖ төленді. Тиісінше, жәрдемақы алушының жалпы табысы 2019 жылғы бірінші тоқсанда 908 527 теңгені құрап отыр.

Осылайша, бұл азаматтар өздерінің табыстарының АӘК беру өлшемдерінен асып түсетінін біле отырып, олардың мөлшерін төмендетіп, әлеуметтік қызметтерге жалған ақпарат берген.

«Е-Халық» ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, 21 мыңға жуық отбасы табысы төмен және мұқтаж отбасыларға ғана берілетін атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алу үшін өздерінің нақты табысын жасырған.

Осыған байланысты, Министрлік әкімдіктермен бірлесіп, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұза отырып рұқсатсыз төленген төлемдерді қайтару және қайта қарау, заңбұзушылықтардың алдын-алу бойынша әрбір анықталған факті бойынша жеке-жеке жұмыс жүргізеді.

2019 жылдың 15 тамызындағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмекпен 1,8 млн. қазақстандық қамтылған. Жәрдемақы алушылардың көбі Түркістан облысында – 498,7 мың адам, Алматы облысында – 225,4 мың адам, Шымкент қаласында – 216,3 мың адам тұрады. Жәрдемақы алушылардың 42%-ы — қала тұрғындары, 58%-ы — ауыл тұрғындары. Ағымдағы жылғы 1 тамызға АӘК 103 млрд.теңге сомасында төленді. Бір отбасына төлемнің орташа мөлшері айына 86 мың теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...