Фото: видеоның скриншоты

Ақмола облысындағы Покровка ауылында үй өртеніп, бір отбасы мүшелері тірідей жанып кетті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Көз жұмғандардың біреуі – үш жасар бала.

Өрт сөндірушілер ауылға жеткенше, үйдің шаңырағы ортасына түскен.

Денис Шелкоплясов,Ақмола облыстық ТЖД басқарма бастығы:

— Ауыл әкімі құтқару қызметіне қоңырау шалған. Өрт сөндірушілер келгенде үй толық отқа оранып, шатыры ортасына құлап түсті. Аумағы – 150 шаршы метр. Өрт толық сөндірілгеннен кейін үйінді астынан үй иелерінің және кішкентай баланың денесі табылды.

Кешке тұтанып, артынан күшіне мінген өрт туралы көршілес ағайындарының бірі байқап әкімге хабарлапты. Хабар жетісімен жолға шыққан құтқару қызметі 47-41 жастағы ерлі-зайыпты мен оның үш жасар баласын құтқара алмады. «Өрттің тым жылдам өршуіне үйдің сабаннан соғылғаны да себеп болды», — дейді өрт сөндірушілер. Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз. Белгілісі, ерлі-зайыпты екеуі талай рет арақ ішіп, жанжалдасуымен көзге түскен. Құқық қорғау органының қызметкерлері бірнеше рет профилактикалық кеңес өткізіп, ескерту де жасапты.

Оқи отырыңыз: