Ақмола облысында жол апатынан әкім көз жұмды

Оқиға орны. Кадр: куәгерлер түсірген видеодан алынды

Ақмола облысында жол апатынан ауыл әкімі қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайғылы жайт 14 желтоқсанда кеште Тарасов ауылдық округінің басшысы Атбасар қаласынан үйіне қайтып келе жатқан уақытта болған. Бұл хабарды Жақсы ауданының әкімдігі де растады.

Жол апаты Атбасар ауданының аймағында Алматы-Екатеринбург тас жолында болған.

Тарасов ауылдық округінің әкімі, 51 жастағы Мирасхан Мұратов Атбасар қаласынан Тарасовка ауылына қарай қызметтік «Нива» автокөлігімен үйіне қайтып келе жатқан.

Алайда жолда жүк көлігімен соқтығысқан. Ауылдық округтің басшысын құтқару мүмкін болмаған.

Жақсы ауданының әкімдігінде атап өткендей, қазіргі уақытта полиция жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Аталмыш факті бойынша, қылмыстық іс қозғалған. Марқұмның артында отбасы, үш баласы қалды. Олардың бірі кәмелет жасына толмаған.

Ертең әріптестері Мирасхан Мұратовты соңғы сапарға шығарып салады. Оның отбасына қажетті көмек көрсетіледі.

Оқи отырыңыз: