Басты бет Аймақтар Ақмола облысы Ақмолада көпбалалы отбасылардың үйіне түтін датчиктері орнатылуда

Ақмолада көпбалалы отбасылардың үйіне түтін датчиктері орнатылуда

Ақмола облысының көпбалалы отбасыларының үйлерінде құтқарушылар түтін датчиктерін орнатуда, бұл туралы Ақмола облысының Аймақтық коммуникация қызметінде өткен брифинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды MediaWorld.kz

«Облыста осындай 499 датчиктер орнатылды, тағы 303 датчиктер орнату жоспарлануда. Сонымен қатар табысы төмен және халықтың әлеуметтік осал топтарына көп балалы отбасыларға басты назар аударылады, — деді брифинг спикері Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Денис Шелкоплясов.

Сонымен қатар, облыста ағымдағы жылғы 15 тамыздан бастап жылыту маусымы басталар алдында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде. Айлық барысында іс-шаралар тұрғылықты жері бойынша халықты өрт қауіпсіздігі шараларына және пешпен жылытуды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелеріне, электр жылытқыштар мен өрт шыққан жағдайда іс-қимылға үйретуге бағытталған. Халықты оқыту үй-үйлерді аралау, тұрғындармен жиын өткізу барысында жүргізіледі.

Спикер 2018-2019 жылдардағы жылыту кезеңінде жүргізіліп жатқан үгіт-профилактикалық жұмыстарға қарамастан облыста 328 өрт тіркелді, материалдық шығын 36 млн.360 мың теңгені құрады. Сегіз адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Өрт кезінде 17 адам қаза болды. Сонымен қатар, 2018-2019 жылдары жылу беру кезеңінде ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері 21 адамды және 20 млн.теңгеден астам материалдық құндылықтарды құтқарды.

«Өрттің негізгі себептері тұрғындардың отпен абайсыз болуы, пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу болып табылады,- деп қорытындылады Денис Сергеевич.

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...