Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Әділ Ахметовті қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің түйткілді мәселелері талқыланды.

Әділ Ахметовтің пікірінше, келіп түсіп жатқан ұсыныстарды мұқият, асықпай зерттеу қажет, сондай-ақ, оларды талдау кезінде ғылыми әдіске сүйену керек.

Сонымен қатар еліміздің қоғамдық өміріндегі басқа да өзекті мәселелер қарастырылды.

Әділ Құрманжанұлы Ахметов — мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, дипломат. Филология ғылымдарының докторы, профессор, академик. Тілге арналған кітаптар мен бірқатар ғылыми мақалалардың авторы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Оқи отырыңыз: