АҚШ Қазақстанды COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары елдердің тізіміне енгізіп қойды

14
Фото: pixabay.com

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы жасаған COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары елдердің тізіміне Қазақстан да еніп кетіпті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл бағыттарға барудан аулақ болыңыздар. Егер сізге осы елдерге бару қажет болса, сапарға шықпас бұрын толық вакцина алғандығыңызға көз жеткізіңіз, делінген АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы хабарламасында.

Бұл тізімге 70 ел кіреді. Оның ішінде Қазақстаннан басқа Грузия, Греция, Индонезия, Иран, Ирак, Қырғызстан, Малайзия, Мальдив аралдары, Моңғолия, Оман, Сауд Арабиясы, Испания, Біріккен Араб Әмірліктері мен Ұлыбритания да жүр.

Қазақстанға саяхаттаушылар үшін маңызды ақпарат

Қазақстанға барудан аулақ болыңыз. Егер Қазақстанға бару аса қажет болса, сапарға шықпас бұрын толық вакцина алғандығыңызға көз жеткізіңіз. Қазақстанда орын алып отырған жағдайға байланысты, тіпті толық вакцина курсынан өткен саяхатшылардың да COVID-19 нұсқаларын жұқтыру және тарату қаупі болуы мүмкін, — дейді АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы.

Сонымен қатар америкалық орталық туристер Қазақстандағы маска тағу мен әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты ұсыныстарды немесе талаптарды орындауы тиіс екенін еске салады.

Оқи отырыңыз: