Басты бет Қазақстан АҚШ: коронавирустың жаңа түрі Алматыдағы зертханадан таралмаған

АҚШ: коронавирустың жаңа түрі Алматыдағы зертханадан таралмаған

Коронавирустың жаңа түрі Алматыдағы қауіпті жұқпалы аурулар зертханасынан таралмаған. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі орталығының (Center for Disease Control and Prevention, CDC) өкілі осылай деп мәлімдеді.

CDC мекемесінің Орталық Азия аймағындағы директоры Дэниел Сингер 6 мамырда телефон арқылы брифинг өткізіп, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Ол вирус Алматыдағы зертханадан таралуы мүмкін емес деді. Бұның алдында Қытайдағы сайттардың бірі «коронавирус Қазақстандағы «америкалық зертханада» дайындалып, Қытай аумағына таратқан» деген мәлімет жариялаған.

«Вирус дайындау үшін озық технология мен биоқауіпсіздігі төртінші деңгейге жататын зертхана болуы керек. Менің білуімше, Алматыдағы зертхананың биоқауіпсіздігі үшінгі деңгейге жатады, сол себепті мен мұнда мұндай вирус жасады дегенге сенбеймін. Мұны ақылға қонымды болжам дей алмаймын», — деді Дэниел Сингер.

CDC өкілі зертхананың амеркалық еместігін атап өтті. Сингердің айтуынша, АҚШ үкіметі бұл нысанның құрылысын қаржыландырған, ал CDC құрал-жабдық бөліп, мамандарды оқытқан. «Алматылық зертханада бір де бір америкалық жұмыс істемейді», — деді Сингер.

«Коронавирус алматылық зертханада жасалуы мүмкін» делінген мәліметті қытайдың Sohu.com интернет-ресурсы таратты. Осы сайттың Қазақстан аумағына қатысты тағы бір материалы Нұр-Сұлтанның өткен айда Пекинге наразылық нотасын жолдауына себеп болды.

Өткен жылдың аяғында Қытайдың орталық бөлігінде қараған вирустың қайдан шыққаны әлі күнге дейін белгісіз, бірақ АҚШ билігі қауіпті вирус қытайдың Ухань қаласындағы зертханадан шыққан болуы мүмкін деген болжам жасаған. Қытай мұны жоққа шығарып отыр.

Дүниежүзінде шамамен 259 мың адам коронавирустан қайтыс болды. Қауіпті вирусты 3,7 миллионнан астам адам жұқтырды.

Қазақстанда 4422 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. 30 адам қатерлі індеттін көз жұмды.

Дереккөз: centralasian.org

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

ІІМ: Қазақстандықтар саусақ іздерін тапсыруға міндеттеледі

Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Нұржан Жанабаев дактилоскопиялық тіркеудің міндетті болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Айта кетейік, дактилоскопиялық тіркеу...

Алматыда Халықаралық тау фестивалі өтеді

29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Алматыда Халықаралық Almaty Mount Fest тау спорты фестивалі өтеді. Іс-шараны Дүниежүзілік туризм күніне орай, Алматы қаласының Туризм басқармасы...

Димаш Құдайбергеннің анасы немере баққысы келмейтін енелер жайлы айтты

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева қазіргі таңда келіннің күйеуінің ата-анасымен бірге тұруына ененің әсері көп екенін айтты. "Сарасөз" бағдарламасында Света Айтбаева...

Оқушы автокөлікпен 6 жасөспірімді қағып кетті: оның бесуі жансақтау бөлімінде жатыр

Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында жасөспірім 6 адамды көлікпен қағып кеткен. Оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі білді. Оқиға 21 қыркүйек сағат 17:40 шамасында болған. "10...

Мордовияда 37 адам газдан уланып, ауруханаға жатқызылды

Краснослободск медициналық колледжінде газбен уланғандар саны 37 адамға дейін өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz Мордовия басшысы Артем Здунов Telegram-арнасына сілтеме жасап. Бұған дейін ТЖМ-де 27 адам...

Қазақстандықтар министрлер мен әкімдерге қарсы петиция бере алмайды

Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар Қазақстандағы петиция институтын реттейтін заңды мақұлдап, қандай мәселелер бойынша петиция беруге болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бүгін сенаттың жалпы отырысында...

«Шекара» спектаклі туралы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық драма театрымен бірге ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшілерінің жауынгерлік қызметі туралы "Шекара" атты спектакль...