Басты бет Оқиға Ақтөбе балабақшасында 100-ге жуық бүлдіршін өрттен аман қалды (видео)

Ақтөбе балабақшасында 100-ге жуық бүлдіршін өрттен аман қалды (видео)

Фотода видеоның скриншоты

Ақтөбеде 100-ге жуық бүлдіршін көк түтінге уланып қала жаздады. Абырой болғанда балабақшада өрт шыққанын естіген құтқарушылар мен сол маңда кезекшілікте жүрген тәртіп сақшылары шұғыл жеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы

Таңғы астан соң ойнап отырған балалар да, тәрбиешілері де ғимаратты түтін алып кеткенде абыр-сабыр болады. Ересектер бөбектерге бірінің киімін біріне кигізіп есі шығыпты. Балабақшаға бірінші жеткен патрульдік полицейлер бүлдіршіндерді көтеріп, тоңып қалмас үшін көлікке отырғызған. Кейін сол жерге қос автобус әкелініп, балалар ата-анасы келгенше сонда күтті. Белгілі болғандай, балабақшаның бірінші қабатындағы электр сымдарының қысқа тұйықталуынан ғимарат түтінге толған екен. Дереу далаға шығарылған балалар да, тәрбиешілер де дін аман.

Мейіржан Аманғали, полиция инспекторы:

— Көмекке жасақ шақырып, өз экипажымыз келді. Автобусты да алдырттық. Баларды киіндіріп шығаруға көмектестік. Балалар енді жылап жатыр. Тоқсан бала және 25 тәрбиешімен бірге жұмысшы болған.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...