Ақтөбе облысында 8 тұрғынды сан соқтырған күдікті ұсталды

22
Фото көрнекілік үшін pixabay.com сайтынан алынды

Ақтөбе облысында 8 тұрғынды сан соқтырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер Ақтөбе облысының 8 тұрғынын алдаған әйелді ұстады. Полицияға облыс тұрғындары зейнетақы қорынан ақша алуға көмек көрсетуге уәде берген әйелге қатысты арызданды.

Күдікті белгілі бір сыйақыға зейнетақы қорынан ақша алып беруге уәде берген. Жәбірленушілер оған 250 мыңнан 350 мың теңгеге дейінгі сомада ақша  аударған. Күдікті барлығы сегіз адамды алдаған.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қазіргі уақытта полицейлер жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізуді жалғастыруда, сондай-ақ заңсыз әрекеттерден зардап шеккендердің бар-жоғын анықтайды.