Басты бет Оқиға Қылмыс Ақтөбе облысында белгісіз біреулер аудандық ауруханаға жас жігіттің мәйітін тастап кеткен (видео)

Ақтөбе облысында белгісіз біреулер аудандық ауруханаға жас жігіттің мәйітін тастап кеткен (видео)

Ақтөбе облысындағы аудандық ауруханаға мәйітті тастап кеткендер ұсталды. Үшеудің біреуі ғана қылмысты мойнына алған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Оқиға алтыншы қазан күні таңғы бестің шамасында болған. Үш жігіт Алға аудандық орталық ауруханасына қансыраған жігітті әкеліп, дәлізде қалдырып кеткен.

Ақмарал ЕШЕКЕНОВА, АЛҒА АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

— Сол күні кезекші дәрігер Мағзұм Елдос Нұрпейісұлы қараған кезде балада «жизненных признаков не было». Уже өлікті алып келген ғой. 86 жылы туылған бала. Сосын ешқандай реанимациялық мүмкіндік болмаған соң көмек көрсететін алып келгенде өлі науқас болғандықтан криминалистерді шақырған. 

Медбикелер сол күні атүсті жүрген бейтаныс адамдардың, қара түсті көлікке отырып қаша жөнелгенін байқапты.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

— Марқұм болған жігіт 33 жастағы Ерлан Төлегенов. Ол осы ауылда туып өскен. Вахта келгеннен кейін тап осы үйге қыдырып келген көрінеді.

Ерлан осы Бестамақ ауылында өскен. Он екі жасында жетім қалған оны, нағашы әжесі тәрбиелеген. Аңыраған әжесі немересін соншалық күйге түсіретіндей араларында не болғанын білмейді. Бірақ марқұмның кісі көңілін қалдыратындай мінезі жоқ еді деп еске алды.

Ермек КӨРТЕКОВА, МАРҚҰМНЫҢ ӘЖЕСІ:

— Қарасын деп талап етемін әрине. Бұл соғыс жоқ, дым жоқ. Ашық аспан астында туған жері бірге өскен бір ауылда. Сондай қатыгез жауыздық бола ма? Неге өлтірді?! Босқа өліп кеткеніне өкініп отырмын.

Полицейлер көп ұзамай ауылдан шығар тұста күдік тудырған қара көк «Лексус» автокөлігін тоқтатқан. Көліктегі үш жігіттің бірі кінәсін мойындап, суық қаруды полицейлерге тапсырған.

Майя АСҚАРҚЫЗЫ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

— Көлікті тексеру кезінде күдіктілердің біреуі жанжал барысында зардап шегушіге пышақ жарақатын келтіргенін, оқиға орнында көз жұмғанын айтып кінәсін мойындады. Ол полиция инспекторларына кісі өлтіру құралын — пышақты берген. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 99-бабы 1 бөлігі бойынша тергеу жүргізілде. Күдікті уақытша қамау изоляторына алынды.

Бұл оқиғада қалған екі жігіт қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде танылған. Барлығы да сол ауылдың тумалары. Олардың арасында жанжал болып арты кісі өлімімен аяқталған. Айта кетейін, марқұмның артында кәмелетке толмаған екі қыз қалды.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

СҚО-да жас босанған келіншек нәрестесін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

Солтүстік Қазақстан облысында 28 жастағы әйел өзінің жаңа туған нәрестесін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді. Дүниеге келгеніне бірнеше күн болған шақалақтың денесі өз үйінің...

Коронавирустың құрбандары күн санап артып келеді, — Ж.Бекшин

Коронавирустың құрбандары күн санап артып келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше ажал құшқандардың саны 2800-ге таяған, деп хабарлады «Астана» телеарнасы. Фото pixabay.com сатынан алынды Ресми атауы...

Қордай ауданының тұрғындарынан бір килограмм героин табылды (видео)

Қордай ауданының екі тұрғынынан бір килограмнан астам героин табылды. Ер адамдар уақытша ұстау абақтысына қамалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Фото pixabay.com сатынан алынды https://youtu.be/ke8lkjNuAec Есірткі қылмысына қарсы...

Депутаттар белгісіз заттан уланған баланы еске алды

Мәжіліс депутаттары тұрғын үйлерде құрт-құмырсқа мен тышқандардың көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Осы жәндіктерге қарсы қолданылатын химиялық препараттардан адам өлімі жиілеп кеткен, деп хабарлайды Sputnik...

Ағаділдің өлімі: прокуратура сараптама барысы жайлы айтты

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы Дулат Ағаділдің өліміне қатысты дерек жариялады, деп жазды Sputnik Қазақстан. Фото pixabay.com сатынан алынды "25 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті Ағаділ өліміне...

Ломбардтарды жарнамалаған әртістер мен блогерлер заң алдында жауап береді

Даулы ломбардтардың қызметін жарнамалаған Қазақстандағы танымал тұлғалардан полиция жауап алады. Бұл туралы мәжіліс кулуарында Қазақстан ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді,...

Жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін қылмыстық жаза енгізіледі

Қазақстанда жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін қылмыстық жаза енгізу жоспарланып отыр. Парламент мәжілісі тиісті заң жобасын әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Фото pixabay.com сатынан алынды Мәжілістің...