Басты бет Оқиға Ақтөбе облысында бір үйір киік суға батып кетті

Ақтөбе облысында бір үйір киік суға батып кетті

Жайылымда жүрген жануарлар Ырғыз ауданының аумағындағы Телғара өзенінің үстінен өткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда мұз ойылып, 33 бас су түбіне кетіпті. Қорықшылардың айтуынша, батып кеткен бөкендер табиғи ортаға енді бейімделе бастаған киіктердің биылғы лақтары. Таяуда бұл аумақта боран соғып, айналаны қар басқан еді. Дегенмен, қыс мезгілі басталғанымен, өзен-көлдерде қалың мұз қата қойған жоқ. Сондықтан да мамандар және төтенше жағдай қызметінің өкілдері тұрғындарға сақ болуларын ескертіп отыр. Әсіресе, балаларды қараусыз қалдырмауын сұрайды.

Құмар Тұрмағамбетов,ТЖД басқарма бастығының орынбасары:

— Бір адамның салмағын көтеретін мұздың қалыңдығы 7 см-ден кем болмауы керек. Ал, машина жүруге 30 см-ден кем болмауы тиіс. Бұдан басқа, бізде аңшылар, балықшылар көп. Оларға да ескерту – балық аулауға шығып жатсаңыздар, қолдарыңызда қажетті құрал-жабдықтар болуы қажет. Қолдарыңызда кемінде 30 метрден кем емес арқан жіп болуы керек. Одан басқа жилеттер болғаны абзал.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Назарбаев әуежайында оқ атылды: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайда абайсызда атылған оқтан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұл оқиға 3 желтоқсанда болған. Алайда ол туралы енді ғана...

ҰҚК «Олимп» букмекерлік кеңсесіне қатысты тергеу жүргізе бастады (видео)

Алматы қаласы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен қалалық прокуратура "Олимп" букмекерлік кеңсесінің әкімшілігіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды...

Қорғаныс министрлігінің штаб батальоны командирі пара үшін сотталды

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен ҚР Қорғаныс министрлігінің "61993 әскери бөлімі" РММ-нің штаб батальоны командирі Н.С.Қойбақовқа қатысты әскери қызметкердің әскери қызметін 1 айға...

Ауыл шаруашылығы министрлігі білім гранттарын бөлетін болды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім беру гранттарының көлемін анықтау жөніндегі функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі, деп хабарлайды zakon.kz ҚР...

Батысқазақстандық әкімдердің әйелдері қонақ күтуден шаршаған (видео)

Іссапармен келген жоғары лауазымды шенеуніктерді қонақ қылып, сый-сияпат көрсетуден шаршаған Батыс Қазақстан облысындағы ауыл әкімдерінің бірі қызметінен кетті, деп хабарлайды Астана телеарнасы. Ал қалған әкімдер...

Елімізде кейбір мұғалімдерге 2,5 миллион теңге сыйақы төленеді

Халықаралық олимпиада, конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған мұғалімдерге үш лауазымдық айлық ақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді. Мәжіліс депутаттары "Педагог мәртебесі" туралы заң...

Жеке куәлікте әке атын жазуға қатысты өзгеріс енгізілді

Қазақстандықтар жеке куәлікті рәсімдегенде екі есімнен тұратын әкесінің атын дефис арқылы жаза алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Депутат Майра Айсинаның айтуынша, бұған дейін екі сөзден...