Ақтөбе облысында екі экстремист ұсталды

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Ақтөбе облысында деструктивті діни ағымдардың екі жақтаушысы ұсталды, деп жазады Zakon.kz.

Темір ауданының екі тұрғыны WhatsApp мессенджерінде деструктивті діни материалдарды (аудио, видео) таратқаны анықталды.

Полиция қызметкерлері күдіктілерді жауапкершілікке тарту мақсатында тәркіленген деструктивті діни материалдарға сараптама тағайындады және материалды сотқа жіберді.

Сот екі азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 1-тармағы «Қазақстан Республикасының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін, сол сияқты өзге де өнімдерді дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату» бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салды, — деп хабарлады Ақтөбе облысының ПБ.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз