Басты бет Оқиға Ақтөбе облысында коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан фармкомпания қызметкері ұсталды

Ақтөбе облысында коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан фармкомпания қызметкері ұсталды

Ақтөбе облысының полицейлері коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан фармацевтикалық компанияның қызметкерін құрықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында «Whatsapp» әлеуметтік желісі арқылы жалған ақпарат тарату фактісі анықталды.

Таратылған хабарламада Ақтөбе қаласында коронавирус инфекциясына шалдыққан үш Қытай азаматы ұсталды делінген еді.

Тексеру іс-шараларын жүргізу барысында дауыстық хабарды таратқан әйелдің жеке басы анықтаып, ол фармацевтикалық компанияның 37 жастағы жұмысшысы болып шықты.

Жауап алу барысында ол қасақана жалған ақпаратты тарату фактісін мойындады. Қазір полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 274-бабының 2-бөлігінің сотқа дейінгі тергеуін бастады.

Полиция департаменті қазақстандықтарды жалған мәліметтер таратпай, халықты орынсыз дүрліктірмеуге шақырады. Тәртіп сақшылары шындыққа жанаспайтын мәлімет таратқан азамат міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске сала кетті.

Естеріңізге сала кетейік, Қылмыстық кодекстің 274-бабының 2-бөлігіне сәйкес БАҚ және ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...