Ақтөбеде шетел азаматы жүк көлігімен 44 жастағы әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 14 сәуір түнгі ондар шамасында болды.
«IVECO» көлігінің рөлінде Түркияның 60 жастағы азаматы отырған.
Жүргізуші Заречный-1 кентіндегі Оңтүстік айналма жолы бойымен келе жатып, жолды кесіп өтпек болған Заречный кентінің 44 жастағы тұрғынын қағып кетті.
«Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші жансақтау бөліміне түсті. Алайда 15 сәуір күні көз жұмды», — делінген хабарламада.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл бапта белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейін айыра отырып, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Полиция департаментінің мәліметінше, жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын жол апатына, негізінен, адамдардың жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтуі, бағдаршамның тыйым салатын сигналына, жақын келе жатқан көліктің алдына шығып кетуі себеп болады.
Оқи отырыңыз:
- Қарағандыда полиция қызметкері оқыстан қаза тапты
- Күн суытады: синоптиктер ауа райы қандай болатынын айтты
- «Ораза ұстап, ай бойы сусыз жүру — коронавирус жұқтырып алу қаупін арттырады» — маман