Басты бет Қоғам Ақтөбеде 7 мыңнан астам шаруа қожалығы жабылуы мүмкін (видео)

Ақтөбеде 7 мыңнан астам шаруа қожалығы жабылуы мүмкін (видео)

Ақтөбеде шаруалар алаңға шықты, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Олар Үкімет уәде еткен субсидияны күтуден шаршаған. Айтуларынша жеті мыңнан астам шаруа қожалығы құлдырау алдында тұр. Әбден шығынға баттық деген қожалық иелері қолдағы малды түгел сойып, етке өткізуден басқа жол жоқ деді.

Алаңға жиналған шаруалардың көпшілігі Үкіметке иек артып «Сыбаға»,«Ырыс» бағдарламасымен мал өсіріп отырғандар. Бірақ мемлекеттің субсидиясы берілмей күйлері қашқан. Уәде орындалмағалы қарызымыз қауғаланып, шығынға баттық дейді олар.

Руслан СҮЙІНШАЛИН, КӘСІПКЕР:

— Менде «Ырыс» бағдарламасы бойынша сүт өңдіретін ферма бар. Маған асыл тұқымды малды ұрықтандырып, көбейтуге субсидия бөлінген. Бізге сүт фермаларына субсидия беруді тоқтатты. Мен енді сол малдың барлығын сойып етке тапсырамын. Басқа амалын қалмады. 

Шаруалардың айтуынша, шығынның өсуіне, биылғы қуаңшылықтың да әсері бар. Қазір жем-шөптің бағасы шарықтап тұр. Ал етті өткізу құны сол қалпы,- дейді.

Самат ҚАЛДЫҒҰЛОВ, КӘСІПКЕР:

— Бүгінгі талабымыз біздің үкімет өзінің айтқан субсидиясын төлесе екен дейміз. Өйткені барлық шаруалар банкроттың алдында тұр. Еттің бағасын білесіздер үкімет көтертпей отыр. Біздің тапсыратынымыз 1250 теңге. Қалғанын базарларда көбісі айтады 1500 теңгеден сатады деп, ол перекупщиктердің шаруасы.

Батырбек МӘУЛЕНОВ, КӘСІПКЕР:

— Бүкіл малымызды сатып сондай сұрақтарға көшеміз. Бүкіл залог үй, машина сол шаруашылықты алу үшін, жүргізу үшін салып қойғанбыз. Біздің алған кредитіміз осы субсидияны береді деген есеппен алты млн алашағымыз бар. Сол ақшаны аламын деп есептеп, енді қарашада несиелерді жаба алмай просрочка жүріп жатыр.

Сондай-ақ шаруалар шет мемлекеттерден мал әкеле алмайтындықтарына наразы.

Александр МАНДРЫКИН, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

— Чехиядан малды әкелу үшін Татарстанның компаниясы таңдалған. Бізде Қазақстанның компаниялары жоқ па сонда?! Неліктен сол таңдалған? Татар компаниясы «КамАгро» басшысы сотталған болып шықты. Сондықтан ол біздің елге кіре алмады. Оның атынан басқа адам сенімхатпен жұмыс істеген. Сонда бізде ештеңе тексерілмей ме?!

Шаруаларға басу айтып, бұл алаңға шенділер де жетті.

Панабек БИМҰРАТОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

— Бүгінгі күні 2019 жылдың міне аяғы тақалып қалды. Біз фермерлерге 3,7 млрд теңге қарызбен кіріп отырмыз. Бұл қаржыны бүгін ауыл шаруашылығы министрлігі берілетіндігін хабарлады. Біз сол 2020 жылдың ақпан-наурызында толық құтылып боламыз деген жоспарымыз бар.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

— Шаруалардың бейбіт ереуіліне көрші облыстардың да қожалық иелері қатысты. Ал cолтүстік облыстардан шыққан шаруалар, қатты боранда жолда қалып бұл жиынға жете алмады. Жиналғандар болса, өзара қол жинап, наразылықтарын Президентке жеткізбекші.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...