Ақтөбеде полицейлер арнайы жасақ сарбаздарымен бірге бопсалау дерегі бойынша күдікке ілінген ер адамды ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 32 жастағы Ақтөбе тұрғыны 4 маусым күні құқық қорғау органдарына бопсалау фактісі бойынша арызданған.
Ол бейтаныс жігіттің күш көрсету арқылы қорқытып, 1 миллион теңгеден астам ақшасын иемденіп алғанын жеткізген.
Күдікті бұнымен тоқтамай, біраз уақыттан кейін тағы 1,5 миллион теңге талап еткен.
«Полиция қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарымен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 450 мың теңге көлемінде қаражатты беру кезінде бұрын сотталған 32 жастағы күдіктіні ұстады», — дейді Ақтөбе облысының полиция департаментінен.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабымен («Бопсалау») сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынған.
Автор: Сәке Қанатұлы
Оқи отырыңыз:
- «Желіде «Алтын Орда» базарында жігіттер арасында туындаған жанжалдың видеосы тарады
- Назарбаевтар отбасының шетелге шығарған ақшасы қайтарыла ма – Қошановтың жауабы
- Атыраудың шалғай ауылынан шыққан 9 жасар қыз «Әлем топ моделі-2022» атанды (фото)