Ақтөбеде бір отбасының екі баласы суға батып кетті

Фото: pixabay.com

Ақтөбе облысында үш адам суға кетті. Оның екеуі бір үйдің екі баласы, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Кеше Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы Заречный-1 тұрғын ауданының көпірі маңында бір адам суға кеткен.

Мәлім болғандай, 18 жастағы жігіт шомылуға тыйым салынған жерге суға түскен. Оның денесі жағадан 10 метр қашықтықта, 3 метр тереңдіктен табылды.

Сонымен қатар кешкі сағат 19:30-да сол маңында 2009 және 2011 жылы туған екі бала суға батып кетті.

«Олардың денесі 3 метр тереңдіктен табылды. Екеуі бір отбасының баласы», — делінген хабарламада.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті суға түсудің ережесін сақтауды ескертеді.