Ақтөбеде COVID-19 шалдыққан науқастың дерті асқынып, аяғынан айрылды

152
Фото: pixabay.com

Ақтөбеде COVID-19-ға шалдыққан науқастың бірінің дерті асқынып, аяғынан айырылды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы егде жастағы тұрғынның қан тамырлары зақымданғанын айтады.

Адам өмірін сақтап қалу үшін аяқты кесуге тура келді, — дейді дәрігерлер. 

Бекболат ІЗБАСАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

— Бұл — өкпе тыныс алу жүйесі, бірақ сонымен қатар, тамыр жүйесіне де өзінің кері әсерін тигізді. Екі науқаста аяқтарының тамырларының зақымдануы болған. Біреуінде біз ампутация операциясын жасаған болатынбыз, екіншісіне де тамырын байлап, бірақ аяғын сақтап қалдық. Бұл науқастарда аяқ тамырларының тромбозымен асқынған.

Айта кетсек, облыста бүгінгі күні 3 143 адам коронавирустық инфекция жұқтырған. Олар негізінде облыс орталығының тұрғындары. Сондай-ақ, аймақ дәрігерлері «Кавасаки» синдромы бар балаларды да емдеуге күш салып жатыр. Қазір 5 және 15 жастағы екі бала осы дертпен ауруханада. Олардың жағдайын ақ халаттылар қанағаттанарлық деп бағалап отыр.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз