Ақтөбеде коронавирус инфекциясы арқылы асқынған пневмония салдарынан жүкті әйел көз жұмды. Бұл жайында Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі Әсет Қалиев мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Қалиев қайтыс болған науқас жайлы сұраққа жауап бере келе, жүкті әйелдің өліміне не себеп болғанын айтты.
«Коронавирус инфекциясы аясында екіжақты пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі дамыды, соның салдарынан көз жұмды. Науқас небәрі 30 жаста болды», — деп мәлімдеді Қалиев.
Қалиевтің айтуынша, 29 маусымдағы мәлімет бойынша, облыста провизорлық ауруханада 997 науқас бар, оның 27-сі жансақтау бөліміне жатқызылған, 10 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 807 ақтөбелік күндізгі стационарда емделіп жатыр. Айдың басынан бері аймақта пневмониядан 47 адам көз жұмды.
«Басым бөлігі 60 және одан да үлкен жастағы адамдар. Оларда қант диабеті, артериялық гипертензия, жүрек-қан тамырлары және басқа да аурулары болды», — деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ, Қалиев өңірде медицина мамандарының тапшы екенін атап өтті. Пневмониямен ауыратын науқастарды емдеу үшін емханалардан, жеке клиникалардан мамандар тартылып жатыр. Сонымен қатар Батыс Қазақстан медицина университетінің басшылығымен бірге оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамын провизорлық ауруханаларға жіберу туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар Ақтөбеде науқастар саны артып жатса, туберкулезге қарсы санаторийде провизорлық стационар ашылады, ол жерде 200 орын болады.
Coronavirus2020.kz сайтының дерегіне сәйкес, Ақтөбе облысында 828 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, 4 адам қайтыс болды.
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Оқи отырыңыз:
- Мемлекет басшысы азық-түлік бағасына қатысты тапсырма берді
- «Терезесін бұзып кірген». Өзіне қарамай кеткен қызды бір жігіт күштеп алып қашқан
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз