Ақтөбе қаласында ер адам әйелі мен жеті баласын үйден қуып шықты. Отбасы тұрып жатқан пәтер көпбалалы жанұяға мемлекеттен берілген, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Бұл туралы Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев хабарлады.
Айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі call-орталықтың жұмысы нәтижесінде 7 әйел мен 21 балаға көмек көрсетіліп, дағдарыс орталығына орналастырылған.
Олардың арасында көпбалалы ана да бар. Күйеуі әйелін жеті баласымен бірге үйден қуып шыққан.
«Пәтер көпбалалы отбасыға мемлекет тарапынан берілген. Қазір өкілетті органдар отбасындағы проблеманы шешуге тырысып жатыр», — деп жазды прокурор.
Дәулембаев call-орталық мамандары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға жеке-жеке хабарласатынын айтты. Себебі көп әйел күйеуінен қорқып, полициядан көмек сұрай алмайды.
Ақтөбе қаласында call-орталық нөмірлері: 8 7132 44 57 89, 44 57 90, 8 707 986 34 60.
Айта кетсек, Ақтөбеде карантин 6 сәуірде енгізілді. Екі аптадан кейін карантин режимі күшейтілді: тұрғындарға жақын маңдағы дүкенге үш күнде бір рет баруға рұқсат етілді, сонымен қатар, жеке көлікпен жүруге тыйым салынды.
Оқи отырыңыз:
- Apple мен Google коронавирус жұқтырғандарды геолокация арқылы аңдуға тыйым салады
- Алдыңғы оразадағы қарыз күндерді келесі рамазан айына дейін өтеу шарт па
- Қазақстан халқына масканы шешпеуге кеңес берілді
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз