Ақтөбеде Лада Ларгуспен мас күйі жүрген әйел ұсталды

39
Фото pixabay.com сайтынан алынды

Ақтөбеде әйел жүргізуші ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жүргізілген профилактикалық алдын алу іс-шараларына қарамастан, бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдардың мас күйінде автокөлік басқару деректері тіркелуде.

28 қараша күні 312-атқыштар дивизиясы көшесі бойында орналасқан «Шалқар» дүкенінің жанында патрульдік полиция қызметкерлері 46 жастағы әйелдің басқаруындағы «Лада Ларгус» автокөлігін тоқтатты.

Анықталғандай, жүргізуші көлікті «жеңіл» дәрежеде мас күйінде басқарған.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (КҚ басқару құқығынан айырылған адамның КҚ басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Әйел Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осыған байланысты Ақтөбе облысы Полиция департаменті азаматтарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде транспорт құралдарын басқармауды сұрайды және ескертеді, Сіздің ойластырылмаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: