Басты бет Аймақтар Ақтөбе облысы Ақтөбеде үлескерлер шу шығарды: Ақша да жоқ, үй де жоқ

Ақтөбеде үлескерлер шу шығарды: Ақша да жоқ, үй де жоқ

Ақтөбеде үлескерлер шу шығарды. Тұрғын үй алуға ақша салғандар енді «құр алақан қаламыз ба?» деп қорқады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

45 пәтерлі үйдің құрылысы жоспар бойынша жазда бітуі тиіс болған. Бірақ бірінші қабатын көтермей жатып-ақ құрылыс тоқтапты. Онымен қоймай, «Жилищенің» есеп-шотындағы үлескерлердің бар ақшасын басшылары шешіп алған.

Гүлназ Ізбасарова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

— Біздің ақшамызды қайтарсын немесе үй салып берсін. Бірақ есепшотта ақша жоқ. Тек тоғыз миллион қалған. Қазан айында 90 миллион шешіп алған. Желтоқсанда 100 миллион шешіп алған.

Енді салған ақшамен қоса баспанадан да қағылған үлескерлер оны кімнен дауларын білмей дал болып отыр.

Гүлнар Оразалина, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

— Мен үш бөлмеге 10 миллион салып тастадым. Енді қазір, міне, білмеймін, ақша да жоқ, үй де жоқ. Ана кісі ұсталып жатыр. Бір ай болды, білмеймін әрі қарай айтпайды. Әкімге бардық, жан-жақтың бәріне бардық. ГАСК-і, архитектура, әкім, прокуратура – барлық жаққа арыз жаздық.

Тәртіп сақшылары тұрғын үй кооперативі басшысының қамауда отырғанын растады. Оның үстінен бұған дейін салынған басқа үйдің иелері арызданған. Оларға үйдің сапасы ұнамаған.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

— Алаяқтық дерегі бойынша құрылыс мекемесі жетекшісіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергелуде. Аталмыш құрылыс мекемесінің жетекшісі қамауға алынды.

Қазір құрылыс басында күзетші де жоқ. Үлескерлермен кездесуге келген мекеме өкілі басшысыз түк істей алмай отырғанын айтады.

Андрей Шаульский, «Жилище» компаниясының өкілі:

— «Жилище» кооперативінің жетекшісі Нұрлан Әлиұлы қамауда. Келісім-шартқа тұру, қаржылық мәселелер тек сол кісінің басшылығымен жүргізіледі. Үлескерлер салған ақша құрылыс жұмыстарына жұмсалды. Енді кооперативке басқа төраға сайлау керек пе, сол мәселені қарастырыңыздар.

Үлескерлер жаңа төрағаны тергеу аяқталып үкім шықпайынша, әзір сайлай алмайды. Шенеуніктер мен құзырлы органдардан осындай жауап берген. Құрылысты жалғастыруға орталарынан бір басшыны тағайындаған күннің өзінде қолдарында ақша жоқ. Сондықтан баспанасын даулағандардың енді шығынды өндіру үшін сот есігін жағалаудан басқа амалы қалмайды.

Оқи отырыңыз:

Фото: видеоның скриншоты

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Мәдениет және спорт министрі Шавкат Рахмоновқа қандай уәде берді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады. Бұл туралы министр Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. "Қазақстан...

Үкімет Ұлттық қорға қайта «қол салмақ»

Соңғы сегіз жылда ондағы активтер 16 млрд долларға қысқарған, деп жазады inbusiness.kz. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев кейбір базалық инфрақұрылымдық және басқа да стратегиялық шығыстарды Ұлттық...

Өзбекстанда өткен Азия чемпионатының соңғы күні ел қоржынына екі медаль түсті

Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте 17 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында семсерлесу мен қылыштасудан Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық додасының соңғы күні Ұлттық құрама қоржынына...

Заңға алғаш рет “қатыгез әрекеттер” түсінігі енді

Енді қатыгез әрекеттер заңмен қудаланады. Аталған өзгерістерді бүгін Сенат депутаттары бір ауыздан мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Түзетулер Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілді. Бүгін...

Биыл полицияға хабар-ошарсыз кеткендер туралы 1600-ге жуық хабарлама келіп түскен

Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қуаныш Ибрашев айтты, деп жазады inbusiness.kz. "Жоғалып кеткен адамдарды іздестіруге қатысты...

Әйгілі Флойд Мейвезермен жұдырықтасқан қазақ боксшысы қайда жүр

1996 жылғы Атланта Олимпиадасында бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Бақтияр Төлегенов пен америкалық Флойд Мейвезер жұдырықтасты. Кейін әлемге даңқы тараған Мейвезерге қарсы қазақ боксшысы айтарлықтай...

Атырау қаласында жасөспірім көпқабатты үйлердің бірінен құлап мерт болды

Атырау қаласында 16 жастағы жасөспірім биіктен құлап көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "2 наурызда сағат 23:30 шамасында...