Басты бет Оқиға Ақтөбеде мектеп оқушысы емге жиналған банк шотындағы ақшаны ұрлаған

Ақтөбеде мектеп оқушысы емге жиналған банк шотындағы ақшаны ұрлаған

Ақтөбеде мектеп оқушысы науқас баланың еміне жиналған банк есеп шотындағы 790 мың теңге ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Наурызда Ақтөбе тұрғыны белгісіз біреудің (балаға ота жасау үшін жиналған) науқас балаға көмектесемін деген желеумен банк есеп шотында қайырымды жандардан жиналған 790 000 теңге ұрлап кеткенін айтып, полицияға шағымданған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, яғни «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды, делінеді хабарламада.

Полициядағылардың дерегіне сүйенсек, ақша жиналған бала – жастайынан мүгедек. Оған Санкт-Петербург қаласындағы клиникада ота жасау үшін анасы елден әлеуметтік желі арқылы көмек сұрап, өзінің жекемағлұматтары мен банк картасының нөмірін жариялаған.

Криминалдық полиция қызметкерлері осы бағытта тергеу шараларын жүргізіп, желтоқсанда Ақтөбедегі мектептердің бірінде оқитын 16 жастағы оқушыны ұстады. Ол зардап шегушіге келтірген материальдық шығынды толықтай өтеді.

Сөйтсе күдікті WhatsApp арқылы хат алмасу кезінде әйелдің ұялы телефонына компьютерлік зиянды бағдарламалары бар электронды сілтеме жіберген. Сол себепті ақпараттық жүйеге кіру мүмкіндігіне ие болған ол банк паролін анықтап, жеке кабинеткен кіріп, қаражаттың біршама бөлігін ойын аккаунттарына аударған, ал қалған жартысына Bitcoin сатып алған.

Күдікті тура осы жолмен Қарағанды тұрғынының да ақшасын ұрлаған.

Бұл фактіге қатысты Ақтөбе облыстық полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...