Ақтөбеде сәбилер еңбектеп жарысты

Фото: inbusiness.kz

Жеңімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталды, деп жазады inbusiness.kz.

Балаларды қорғау күніне Ақтөбеде ерекше шара өтті. Кішкентай бөбектер еңбектеуден жарысты. Шараға қатысуға тілек білдіргендер көп болды. Ал кішкентайларды қолдауға келгендердің санында тіпті шек жоқ. Шарт  бойынша  байқауға әлі тәй-тәй баспаған бала ғана жіберілді. Тағы бір талап- кілемге шыққан баланы қолмен демеуге болмайды. Мәреге бөпе еңбектеп өзі жетуі тиіс.

Фото: inbusiness.kz

Ата-аналар бәйгеге жүйрігін қосқан бапкердей баласына дем берді. Біреулері ұялы телефон, енді бірі баласының сүйікті ойыншығын көрсетіп, мәреге жетуге дем берді. Байқауға бас-аяғы 70 адам қатысты. Жарысқа қатысқан барлық бөбек сыйлықсыз қалмады.