Ақтөбеде үш бала суға батып кетті

Фото: pixabay.com

Ақтөбе облысында Ырғыз өзеніне үш бала суға батып кетті. Қайғылы оқиға Ырғыз ауданы Ақши ауылында болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпаратты растады.

Ведомство мәліметінше, Ақши ауылынан бір шақырым қашықта жатқан Ырғыз өзеніне үш баланың батып кеткені туралы хабарлама кеше, 4 маусым күні 19.00-де түскен.

Суға кеткен балаларды ауыл тұрғыны алып шыққан.

«Ырғыз өзеніне үш бала суға батып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, 2017 және 2018 жылы туған балалар өзен жағасына ересектердің қарауынсыз барған. Біз ата-аналардан баланы су жағасына жібермеуді және қараусыз қалдырмауды сұраймыз», — дейді ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, суға кеткен 4 және 5 қыздар апалы-сіңілі, бір үйдің балалары. Үшінші бала 4 жасар көрші үйдің қызы. Балалар көпбалалы отбасында тәрбиеленген. Аналары ауыл мектебінде жұмыс істейді.

Автор: Сәке Қанатұлы

Оқи отырыңыз: