Ақтөбеде жатақхана өртеніп, 200 адам эвакуацияланды (видео)

105
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

2020 жылғы 30 қарашада сағат 21:30-да Ақтөбе қаласының дағдарыс жағдайларындағы басқару басқарманың кезекші ауысымына Сәңкібай батыр даңғылы, 159 үй мекенжайы бойынша 5 қабатты шағын отбасылы жатақхана шатырының жанып жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті, деп жазады MediaWorld.kz.

Шақырту орнына жедел түрде Өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері шықты.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 25 адам және 7 бірлік техника жұмылдырылған. Өрттің алдын ала ауданы 250 шаршы метрді құрайды.

Алдын ала ақпарат бойынша 200 адам эвакуацияланды, оның ішінде 50-і бала.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары ҚР ТЖМ тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Өрт шыққан жағдайда дереу 101, 112 телефондарына қоңырау шалыңыз.

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз: