Басты бет Қоғам Ақтөбелік шаруалар митингтен соң шенділерден қысым көрдік деп отыр (видео)

Ақтөбелік шаруалар митингтен соң шенділерден қысым көрдік деп отыр (видео)

Ақтөбелік шаруалар митингтен соң шенділерден қысым көрдік деп отыр. Бүгінде оларға Татарстаннан әкелінген ірі қараға салық төлеу міндеттелген, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Осы күнге дейін мемлекеттік бағдарламамен әкелінген ірі қараға салық салынбай келген. Шаруалардың шамына батып отырғаны осы.

Ақтөбелік шаруалар тағы жиналды. Субсидия төленбегені былай тұрсын, енді  Ресейден мал әкелген шаруалардың басы бәлеге қалған көрінеді. Оразбай Тоқатаров екі ай бұрын Татарстаннан 31 миллион теңгеге елу бас ірі қара әкелген. Енді сол мал үшін миллиондаған салық төлеуге міндеттеліпті.

Оразбай ТОҚАТАРОВ, КӘСІПКЕР: 

— Үкіметтің қағазы бар «приравнивается к чистопородному», «племенной» деген сөз жоқ, демек  идет зачет деп ше. Енді палатадан хат берді. Мал сәйкес келеді деп. Бұлар айтады «племеннойға» тағы бір нәрсе ал деп.

Махамбет САҒИЕВ, КӘСІПКЕР:

— Салық кодексі бойынша бізге негіздеп айтсын, мысалы үшін: «төлемейтін болса — төлемейсіңдер, төлейтін болса – төлейсіңдер» деп анықтап шартты бізге берсін. Біз соңы емеспіз. Талай адам әкеледі. Біз төлемейміз. 7-8 млн кредит алып отырған соң қайдан төлейсің.

Шаруалардың айтуынша, заңға сай мемлекеттік бағдарламамен асылтұқымды мал әкелушілер салықтан босатылған. Осы күнге дейін солай болып келген. Ал қазіргі жағдайды шенділер қолдан жасап отыр деп санайды.

Руслан СҮЙІНШАЛИН, КӘСІПКЕР:

— Міне адамдар 500-600 шақырым жерден мал әкеліп тұр. Енді қосымша құн салығын төлеуді міндеттеп жатыр. Бұрын мемлекеттік бағдарламаға төлемей келдік. Кеден мен салық өзара мәселені шеше алмаса, бізге не дейді? Қостанай, Өскемен, Қарағанды да еш жерде фермерлер салық төлемейді әкелген малға. Біз неге төлеу керекпіз? Бұл митингтен кейін бізге көрсетіліп отырған қысым деп білеміз.

Биыл шаруалар жылда төленетін субсидиядан қағылған еді. Өңірде қуаңшылықтан жем мен шөптің де бағасы шарықтап кеткен. Жығылған үстіне жұдырықтай болып енді қосымша құн салығы қосылған. Ал кәсіпкерлер палатасы шикілік салық орындарынан кетті деп отыр.

Сағынғазы ҚҰРМАНАЛИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ «АТАМЕКЕН» ПАЛАТАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КЕШЕНІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

— Жыл басынан бері бізде тек асыл тұқымды мал салықтан босатылған болатын. Бірақ өкінішке орай Ресейде асыл тұқымды мал мен қатар «чистопородный» деген мағыналық сөз бар. Ол «чистопородныйда» «свидетельство племенного происхождение» болмайды. Онда тек «выписка» болады. Сол себептен салық комитетінде дұрыс түсініксіз болып отыр. Сол себепті біз қазір ұсыныспен шығып отырмыз.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ: 

— Қазіргі кезде өңірдегі шаруалар бірігіп, өз құқықтарын қорғайтын қоғамдық бірлестік құрған. Енді құрамына фермерлер енген Үкіметтен жұмыс тобын құруды талап етіп отыр. Шығынға баттық деп шырылдаған шаруалар арыздарын қағаз бетіне түсіріп, Ауыл шаруашылығы министріне, тіпті Президентке де жолдаған.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...