Ақтау әкімінің орынбасары Гүлжазира Алдашева пневмониядан көз жұмды. Ол 54 жаста болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«Ақтау қаласының әкімдігі, Ақтау қалалық мәслихаты Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Алдашева Гүлжазира Тасеменқызының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасына туған — туыстарына қайғырып көңіл айтады», — деп жазды Ақтау қаласы әкімдігінің ресми Facebook парақшасы.
Гүлжазира Алдашева еңбек жолын 1982 жылы Жаңаөзен қаласында өзі оқыған №4 мектепте аға пионер тәлімгер болып бастаған. Жаңаөзен медицина училищесінің комсомол комитетінің хатшысы, оқу орнында қоғамдық пәндер оқытушысы, бөлім меңгерушісі, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Жаңаөзен филиалы директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары, «Жаңаөзен қалалық жастар орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры қызметтерін атқарған.
2004 жылдан бастап мемлекеттік қызметте, Жаңаөзен және Ақтау қалаларының әкімдіктерінде жауапты қызметтерде болды. 2019 жылдан бері Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
«Г. Алдашева — білімді де білікті мемлекеттік қызметкер, шебер ұйымдастырушы, өлкенің мәдениет саласында өзіндік орны бар маман еді. Жауапкершілігі мол, әр істе ұқыпты, қызметте мұқияттылығымен ерекшеленді. Әріптестерімен ақыл-кеңесімен бөлісіп отыратын, тәрбиесімен де, мінезімен де ұжымда аса сыйлы болды. Ақтау қаласының әлеуметтік саласына үлкен еңбек сіңірген әріптесіміз, аяулы Гүлжазира Тасеменқызы, бақұл болыңыз!», — делінген қала әкімдігінің парақшасында.
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі
Оқи отырыңыз:
- Пандемия дәстүрді бұзды – Тоқаев Астана күніне арналған шараға бармады
- 68 армениялық көлік Павлодар облысында тіркеуден өтті
- Балаларға қарбыздың қабығын жегізген саудагер ұсталды (видео)
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз