Басты бет Оқиға Ақтау балабақшасында бала бағушы қыздың үстіне ыстық сорпа төгіп алды (видео)

Ақтау балабақшасында бала бағушы қыздың үстіне ыстық сорпа төгіп алды (видео)

Ақтауда балабақшада күйіп қалған жеті жасар қыздың анасы қалалық білім басқармасымен соттасып жатыр. Ол баласының үстіне ыстық сорпа төгіп алған мектепке дейінгі мекеменің қызмкерлері тиісті жазасын алмай, жайбарақ жүргеніне наразы, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Оқыс жағдай наурыз айында Ақтаудағы балабақшалардың бірінде болған. Жеті жасар Каринаның оңбай күйген сәті бейнебақылау камерасына жазылған. Кадрлерден ас бөлмеге жүгіріп кірген қыздың үстіне күтуші әйел ыстық сорпаны төгіп алған. Салдарынан бүлдіршіннің денесін 30 пайыз күйік шалған. Терісі тартылып әбден қиналған Каринаның сол кездегі жағдайы жүрек сыздатады.

Алғашында Каринаның жүріп-тұруы да мұң болыпты. Анасы жұмысына салғырт қараған балабақша қызметкерлерін кінәлап отыр. «Мектепке дейінгі мекемеде балалардың қауіпсіздігі мүлдем сақталмаған», — дейді ол.

Сәния Есқалиева, Каринаның анасы:

— Біз барғанда баланың үстібасы сорпа болды. Ешкім жедел жәрдем шақырмаған. Киімдерін бірден шешкені ақылға қонымсыз. Алғашқы медициналық көмек мүлдем көрсетілмеген. Қызым жанұшыра айғалап жатса да, тәрбиеші алаңсыз жүр. Өйткені ол саңырау екен. Жасы 72-де. Мұндай адамды қалай жұмысқа алуға болады?

Баласын уайымдаған Сәния тоғыз айдан бері талай аурухана табалдырығын тоздырыпты. Алайда Ақтаудан білікті маман таппағанын айтады. Кейін қызын Нұр-Сұлтан қаласына апарып, бірнеше ота жасатқан. Қазір қыздың жағдайы қалыпты. Бірақ денесінде күйіктің іздері әлі бар. Қызының қиналғанын еске алған ана көзіне еріксіз жас алды.

Сәния Есқалиева, Каринаның анасы:

— Қызыма 40 екпе салды. Қиналғанын көріп, жанымды қоярға жер таппадым. Балабақша директоры бір ай өткен соң бізді ұмытты. Қызым әлі өз-өзіне келген жоқ. Әбден шошып қалған. Бұл жағдай басқаларға да сабақ болуы тиіс.

Қалалық білім басқармасындағылар балабақшаның бірқатар қызметкерін жұмыстан шығарғанын айтады. Ал баланың ем-домына мектепке дейінгі мекеменің ұжымы 600 мың теңге жинап беріпті.

Ақмарал Байшаханова, Ақтау қалалық білім басқармасының бөлім басшысы:

— Осы жағдайдан кейін біз балабақшада қызметтік тексеріс жүргіздік. Тәрбиеші мен директордан түсініктеме алдық. Аталған балабақшаның тәрбиешісі, оның көмекшісі мен медбике жұмыстан босатылды.

Алайда Сәния қалалық білім басқармасын сотқа берген. Оқиғаға қатысты алғашқы сот процесі де басталды. Каринаның анасы кінәлілер тиісті жазасын алмайынша, соңына дейін күресемін деп отыр. Қыздың еміне кеткен қаражатты ол толық көлемде өндіріп алмақшы.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...