Басты бет Оқиға Ақтауда оқушы белгісіз инфекциядан көз жұмды

Ақтауда оқушы белгісіз инфекциядан көз жұмды

Ақтауда 2-сынып оқушысы белгісіз дерттен көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, сегіз жасар баланың дене қызуы көтерілген. Бірнеше сағаттан соң ол жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Мамандар менингококк инфекциясы деген болжам жасап отыр. Алайда бала өлімінің нақты себебі белгісіз.

Көз жұмған оқушы жүздеген баламен қарым-қатынаста болған. Сондықтан олардың бәрі тексеріліп жатыр.

Алдымен дәрігерлер жедел респираторлық-вирустық инфекция деп арнайы дәрі жазып берген. Алайда бірер сағаттан соң бала Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасына шұғыл жеткізілді.

«Бұл менингококк инфекциясы. Бала ауруханаға өте ауыр халде жеткізілді. Антисептикалық жағдай, 2-3 дәрежедегі шок болды. ДВС синдромы болды. Яғни қанды тоқтату қиын еді», — деді Маңғыстау облысы балалар инфекциялық ауруханасының бөлім меңгерушісі Ирина Карякина.

Трагедияның нақты себебі арнайы сараптамадан соң белгілі болады. Бұған дейін ауруханаға дәл осы белгілермен екі жасар сәби түскен. Дәрігерлер баланы аман алып қалды.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...