ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жалған ақшаны сақтау мен өткізу және алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.
Тергеу анықтағандай, ақтаулық әйел өзінің қолындағы 1 500 доллардың жалған екенін біле тұра, жәбірленушілер алдындағы қарызын қайтару мақсатында 1 000 долларды сол күйі қолдарына ұстатқан, қалған 500 долларды «Халық Банк» кассасында айырбастамақ болған кезде ұсталды.
Тергеу уақытында күдікті 2 айға қамауға алынды.
Сараптама тәркіленген 1500 доллардың жалған екенін растады.
Алаяқтық, жалған ақша немесе құнды қағазды жасау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу баптары бойныша қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Оқи отырыңыз:
- Дәмханалар, мешіттер мен балабақшалар ашылды: қазақстандықтар нені білуі тиіс
- Бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды
- Қарағандыда полицейлер суға батып бара жатқан адамды құтқарды (видео)
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз