Ақтаудың Ынтымақ алаңында дәл қазір не болып жатыр – видео

Фото: pexels.com сайтынан алынды

Ақтауда газ бағасының қымбаттауына байланысты Ынтымақ алаңында 500-ге жуық наразылық білдіруші жиналды. Олардың барлығы дерлік — ер адамдар, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Наразылық білдірушілер қатары көбейіп жатыр, видеода олар Қаламқас кен орнынан келген вахташыларды қарсы алып жатыр.

Полиция әкімдікке баратын жолды күзетіп жатыр. Алайда алаңға кедергісіз өтуге болады.

Алаңда жүздеген адамға арналған киіз үй мен шағын шатырлар орнатылған. Киіз үй ішіндегі дастарханда нан, бауырсақ, самса, су мен шай бар.

Наразылық білдірушілердің үш талабы бар:

  • газ бағасын литріне 50 теңгеге дейін төмендету,
  • кен орындарына жаңа қызметкерлерді қабылдауға мораторийді жою,
  • азық-түлік бағасын төмендету.

Түні бойы наразылық білдірушілер алаңда болды.

Айта кетері, қала орталығында мобильді интернет жоқ – таксиге қоңырау шалу мүмкін емес, хабарлама жіберуде де қиынлық бар. Сол маңдағы дәмханада карта немесе аударым арқылы төлем жасау мүмкін емес, тек қолма-қол ақша қабылдайды.

Қоғамдық тамақтану орындары мен дүкендер әлі ашылмады, олар кешеден бері жұмыс істемей тұр.

Наразылық білдірушілердің талабының бірі – Ақтау орталығында интернет жұмысын қалпына келтіру.

Ақтау мен Нұр-Сұлтан арасындағы уақыт айырмашылығы +1 сағат.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз