Басты бет Қоғам Абаев саяси кеңесте президент ауысады деген сыбыс туралы сұраққа жауап берді

Абаев саяси кеңесте президент ауысады деген сыбыс туралы сұраққа жауап берді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысында президент ауысады деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлемді коронавирус жайлап, алдын алу шараларын күшейтуге байланысты мәселемен бірге әлеуметтік желіде 18 наурыз күні президент ауысады деген сыбыс тарай бастады.

Мәжіліс кулуарында «Қазақстанда бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасының таныстырылымынан кейін журналистер Дәурен Абаевтан саяси кеңестің күн тәртібінде қандай мәселе талқыланатын сұрады.

«Күн тәртібін қазір нақты айта алмаймын. Ал сіздер айтып тұрған әңгімеге келер болсақ, мен ақпарат министрі ретінде бұл сөзді жоққа шығарамын», — деді Абаев.

Бұған дейін Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия саяси кеңесінің отырысы 2020 жылдың 18 наурызында өтетінін жариялаған болатын.

Коронавирустың президенттің жұмыс кестесіне әсері

Әлемде коронавирустың кеңінен таралуына байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесі өзгерді. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, бүгінде әлем бойынша сан алуан келіссөздер, сапарлар, екіжақты және көпжақты кездесулер өтпейтін болды. Қазақстан да бірнеше халықаралық шараны кейінге шегерді. Соның ішінде Дүниежүзі сауда ұйымының министрлер кездесуі де бар.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сатынан алынды

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды — толық тізім

2020 жылы 13 мамырда өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздары...

Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі жекеменшік компанияның басқаруына берілді

Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі 49 жылға жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануына берілді, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР ИДМ "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ...

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды. "2020 жылғы 1...

Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz. - Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет...

Автокөліктің терезесінен басын шығарған баланың ата-анасына айыппұл салынды (видео)

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың жолда автокөліктің терезесінен басын шығарып отырған видеолары таралған еді. Ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. Кәмелетке толмағандардың жүріп келе жатқан...

Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді

Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын...

Білім және ғылым министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Биыл 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді. 3...