Басты бет Қазақстан Абайдың қара сөздері норвег тіліне аударылуы мүмкін

Абайдың қара сөздері норвег тіліне аударылуы мүмкін

Қазақстандық «Ұлы Дала» тобы Ослодағы «Виктория» ұлттық джаз-сахнасында концерт берді. Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құрамы Алмат Сайжан, Саламат Әбутәліпов және Жәнібек Сапаровтан тұратын үштік заманауи этно-фольклор жанрында өнер көрсетті. Көрермендер ұлттық музыкалық аспаптар – домбыра, қобыз, сыбызғы мен шаңқобыздағы, сондай-ақ акустикалық гитарадағы шеберлі ойынды және эстрадалық вокалды тамашалады.

Фото: ҚАЗАҚСТАННЫҢ НОРВЕГИЯДАҒЫ ЕЛШІЛІГІ

Фото: ҚАЗАҚСТАННЫҢ НОРВЕГИЯДАҒЫ ЕЛШІЛІГІ

Топ қазақ халық шығармашылық туындылары мен Қорқыт, Ықылас, Естай, Мариам Жагорқызы және басқа да қазақ авторлардың әндері мен күйлерін және де норвегиялық композитор Эдвард Григтің «Сольвейгтің әні» мен Исаак Альбениздің «Астуриясын» орындап шықты.

«Концерт көрерменге толы зал жинады. Қазақ тобының өнерін тамашалауға әртүрлі жанрда өнер көрсететін норвегиялық әртістер, музыкалық оқу орындары мен баспасөз өкілдері және жалпы музыка сүюші қауым келді», — деп хабарлады Қазақстанның Норвегиядағы елшілігінің баспасөз қызметі.

Концертті ашқан Қазақстанның Норвегиядағы елшісі Еркін Ахинжанов «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Қазақстанның қоғамдық санасы мен мәдени жаңғыруына бағытталған және әлемді қазақ мәдениеті мен өнерімен таныстыруға мүмкіндік беретіндігін түсіндірді.

Елші желтоқсан айында Осло мен Ставангер қалаларында қазақ киносының күндері, ал Холменколлен тауында орналасқан Шаңғы музейінде «Қазақстан және Норвегия: спорттық дипломатия» атты көрмесі өтетінін хабарлады. Сонымен қатар, ұлы ақын мен ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай оның қара сөздері мен таңдаулы өлеңдері норвег тіліне аудару жоспарлануда.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қаза оразаны өтеу: 1700 теңгені кімдер береді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы қаза оразаны өтей алмаған жағдайда не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан...

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ – Қытай ғалымдары

Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан. Мамандар Ухань базарындағы...

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...