«Адам өмірі үшін қауіпті»: Әнші Айқын қазақстандықтарға үндеу жолдады

124
Фото: Instagram/aikyn

Қазақстандық эстраданың жұлдызы Айқын Төлепберген әлеуметтік желіде өзекті мәселені көтеріп, барша отандастарына арнайы видеоүндеу жолдады. Өнер иесі қазақстандықтардың денсаулығы үшін аса алаңдаулы болып шықты деп, жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес өкілі Алматыдағы велосипедтерге арналған жол жайында сөз қозғап, қалың көпшілікті барынша абай болуға шақырды. Әнші самокатпен келе жатқан адамның жаяу жүргіншіні қағып кете жаздаған сәтіне куә болып, отандастарына Instagram парақшасы арқылы үндеу жолдауды шешкен.

«Құрметті достар, мен тағы да бір өзекті мәселені көтергім келіп отыр. Ол — велосипедтерге арналған жол мәселесі. Бұл жол арнайы велосипедтерге, мопедтерге, электросамокаттар үшін жасалған. Ол жолмен жаяу жүргіншілерге жүруге болмайды. Бұл аса қауіпті. Әсіресе, кішкентай балаларымен жүретіндерді түсінбеймін. Балалар деген бір орында тұрмайды, ары-бері жүгіріп жүреді. Сол кезде кенеттен біреу артынан самокатпен келіп қағып кетсе өздеріңіз кінәлі боласыздар. Велосипедтерге арналған жолмен жаяу жүргіншілер жүре алмайды. Абай болыңыздаршы. Қасындағы жаяу жүретін жандарға арналған жолмен жүріңіздер» , — деді Айқын.

Желі қолданушылары өнер иесін бір ауыздан қолдап, оның сөзімен толықтай келісетіндерін айтты. Көпшіліктің сөзінше, елімізде осы ережені сақтанатын азаматтар санаулы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

Автор: Малика Хадид

Оқи отырыңыз: