Адамдарды індетке сендіру үшін актерлер COVID-19-дан қайтыс болғандарды ойнағаны рас па

3649
Видеодан кадр: tiktok.com/@vasyaivanovdesign

Қазақстандықтар қара пакетке оралған адамдардың денесі салынған жүк көлігінің видеосын таратып жатыр, деп хабарлайды NUR.KZ Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде тараған видеодан қара пакетке оралған адамдардың бірі темекі тартып жатқанын сонымен қатар екі ер адамның бірі пакетті түзетіп жатқанын аңғаруға болады.

Қазнет қолданушыларының айтуынша, адамдарды қорқыту үшін COVID-19 пандемиясының құрбандары туралы жаңалықтарды осылай түсіреді.

Stopfake.kz-тің жазуынша, бұл-фейк.

Порталдың мәліметінше, видеоның түпнұсқасы қоюшы суретші Василий Ивановтың TikTok аккаунтынан алынған. Роликтің 30 наурызында жарияланғаны және онда «Хаскидің Никогда-нибудь клипінің түсірілімі» деп жазылғаны белгілі болды.

«Клипте мәйіттерге толы КамАЗ көрсетілгені рас, бұл желіде таралған роликтегі көлік», — деп жазады Stopfake.kz.

Осылайша, бұл видеоның COVID-19 пандемиясына ешқандай қатысы жоқ екені анықталып отыр.

Айта кетсек, бұл қазақстандықтар арасында таралып жатқан алғашқы жалған ақпарат емес.

Бұған дейін Ақтөбеде WhatsApp желісі арқылы «балалар жаппай апельсиннен уланды» деген ақпарат тарап кеткен болатын. Алайда блыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев мәліметті жоққа шығарды.

Оқи отырыңыз: