Кеше әлеуметтік желілерде белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланы арнайы жасақтың киіміндегі адамдардың ұстап әкеткен видеосы кең тараған болатын, деп хабарлайды adyrna.kz.
Бүгін Ахметбек Нұрсила өзінің Ютуб арнасы арқылы кешегі оқиғаны өзі ойлап тапқанын жеткізді.
«Біраз адамдар маған ренжуі де мүмкін. Бұл хайпты не үшін жасайсың. Халықтың сенімімен неге ойнайсың, елді дүрліктіріп деп ренжуі де мүмкін. Оны мен түсіндіріп кетейін. Мен халықтың болашағы бар ма, жоқ па екенін тексергім келді» дейді.
Содан бір күн бұрын ғана өзін шет елдегі оппозиционер санайтын Ержан Тұрғымбаймен инстаграмм желісінде тікелей эфирге шығып, екеуінің саяси дебаты қоғамды бір дүрліктірді. Одан бұрын өзінің You Tube каналында «Сен» атты партиясының бірінші жиналысын өткізіп, партия құруға толық әлеуетім жетеді деп мәлімдеген.
Оқи отырыңыз:
- Нұр-Сұлтанның «Алматы» ауданына жаңа әкім тағайындалды
- Еліміздің екі қаласында қоғамдық моншалар іске қосылады
- Кісі өлтіріп, 15 жыл қашып жүрген Өзбекстан азаматы Алматы облысында ұсталды
Фото: видеодан алынған кадр
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз