Алматыда аралас жекпе-жектен Absolute Championship Akhmat 102 турнирі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Турнир барысында қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Ермек Тлауов (15-5) пен 44 жастағы ресейлік Венер Галиев 30-11) кездесті.
Галиевтің жеңіске жетуіне жасы кедергі болмады. Ол екінші раундта қазақстандық спортшыны нокаутпен жеңді.
Венер Галиев үшін бұл карьерасындағы 31-ші жеңіс, ал Ермек Тлауов алтыншы рет жеңіліп отыр.
Бұл турнирде ресейлік Беслан Ушуков (17-3) пен Альберт Туменов (21-4) жекпе-жек өткізген болатын. Туменов Ушуковты нокаутқа түсірді.
Оқи отырыңыз:
- Оралда әйелін кепілге алған ер адам зорлау бабы бойынша айыпталуда
- Құлсарыда жасөспірім қыз асылып қалды
- Зейнет жасы мен әр балаға жәрдемақы: министрлік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді