Басты бет Саясат Парламент "Айтуға ұяламын": қазақстандық депутаттар сүйіктісіне қандай сыйлық береді

«Айтуға ұяламын»: қазақстандық депутаттар сүйіктісіне қандай сыйлық береді

Қазақстандық депутаттар 8 наурыз мерекесінде сүйікті жарларына қандай сыйлық тарту ететінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Халық қалаулылары сүйіктілеріне Халықаралық әйелдер күнінде сыйлық жасау үшін көп қиналмайтын тәрізді. Дені нәзік жандардың жақсы көретін гүл шоқтарын тарту етпек.

«Ең үлкен сыйлық, ол, әрине, гүл. Екіншісі, өзіміздің жүрегімізді сыйлау, жақсы көңіл-күйімізді сыйлау. Менің жарым кезінде менімен бірге оқыған сыныптасым, өмір бойы қасымда келе жатқан кісі. Оған енді тек 8 наурызда ғана емес, күн сайын жақсылық сыйлап келе жатырмын деп ойлаймын. Көңіл-күйім жақсы болған кездің бәрінде гүл сыйлаймын», — деді сенат депутаты Бектас Бекназаров Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Оның әріптесі Мұрат Бақтиярұлы да жылдағы әдетпен жарына гүл сыйламақшы.

«Одан кейін жақсы көретін торты бар, соны алып беремін. Қыздарыма көп жағдайда торт немесе кәмпит беремін. Жалпы, өздерінің қалағанын сатып алуға тырысамын», — деді ол.

Ал мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан 8 наурызға алатын сыйлығын дүйім жұртқа жария еткісі келмейтінін білдірді.

«Ол енді менің ішкі сырым, айтпаймын, айтуға ұяламын. Өзіне қажет нәрсесін сыйлаймын», — деді ол.

Десе де мәжілісмен үш әйеліне әртүрлі сыйлық тарту етпекші.

«Әртүрлі болады, не қалайтынына байланысты», — деп қысқа қайырды Тілеухан.

Төменгі палата депутаты Бақытбек Смағұл сыйлық бергенді аса ұната қоймайтын сыңайлы.

«Жалпы, мен оған машықтанбаймын. Ер азаматтың өзі әйелдің көңілінен шығып тұрса, үлкен сыйлық сол ғой. Бұл мерекенің мәні тек сыйлық беруде ғана емес, әйелді сыйлай білуде деп ойлаймын. Әйел затына деген құрметіміз сейілмеуге тиісті», — деді ол.

Ал оның әріптесі Нұржан Әлтаев жақындарын гүл шоқтарымен қуантпақ.

«Әйелдердің жақсы көретіні, ең алдымен, гүл шоқтары ғой. Одан кейін үйде пайдаланылатын сыйлық. Не қалайтынын алдын ала біліп алуға тырысамын, бірақ, әр әйел тосынсыйды жақсы көреді ғой. Жоспарланған сыйлықты онша қаламайтын сияқты», — дейді мәжілісмен.

Депутат тым қымбат сый алмаймын деп отыр.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сатынан алынды

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...